Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Жамбыл ауданы әкімінің аппараты, аудан аумағында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дәрежесі мен сапасын арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Мемлекекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұсынысы аясында. Аудандағы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіп, Рахат ауылының тұрғыны, қоғам белсендісі Н.Қазбеков және аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы А.Сейсеновтың қатысуымен аудандық сервистік әкімдікте мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау шаралары ұйымдастырылып жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілді.
Жамбыл ауданы әкімінің аппараты, аудан аумағында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дәрежесі мен сапасын арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Мемлекекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұсынысы аясында. Бекітілген «Ауданға қарасты мемлекеттік қызметтер көрсетілетін мекемелерде, жергілікті тұрғындарды қоғамдық қабылдау жүргізу» жоспарға сәйкес а.ж. 30 маусымда Халыққа қызмет көрсету орталығы Жамбыл аудандық бөлімшесінің алдында тұрғындарды жеке қабылдап түсіндіру шаралары жүргізілгенін мәлімдейді.
Тұрғындардан жиі түскен «Тұрғын үйге, жер кезегіне тұру және әділет басқарамасына құжаттарды рәсімдеп тіркеу» мәселелері қаралып жауапты мамандар барлық сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптырын берді.
Бұндай жұмыстар жоспарлы түрде жалғасын табатын болады.
Жамбыл ауданы әкімінің аппараты, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) маманы Т.Ә.Тілеукеевтің және «Панарама ақпараттық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.М.Меклисовтың қатысуымен 2021 ж. 20 қазанында Жамбыл ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерінде қоғамдық бақылау жұмыстары кезінде анықталған кемшіліктерге төмендегіше мәлімдейді.
Жамбыл ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимаратының 1-қабаты жарықпен қамтылды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге арналған ақпараттық тақта (стенд) атауы жаңартылып, өзгертілді.
Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалына қатысты ғимаратты жалға алып отырғандықтан, ескертілген ұсыныстарды филиал төрағасының бірінші орынбасары Р.Қасымовқа арнайы хатпен жолданды.
Аса ауылдық округі әкімі аппаратына өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына қойылған компьютерлік жабдықтар, елімізде өтікізіліп жатқан санақ науқанына байланысты уақытша келесі бөлмеге жайластырған болатын, бүгінгі таңға қайта орнына орналастырылды.
Қоғамдық бақылау жұмыстары барысында айтылған ұсыныстар толығымен орындалып, алдағы уақытта мұндай жайттарды болдырмау күнделікті назарда болатындығын хабарлайды. (дәлелді құжаттары бар)