Жамбыл ауданында мемлекеттік көрсетілген қызметтердің 2021 жылдың қорытынды аналитикалық ақпараты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына сәйкес, аудан бойынша 63 қызмет түрі көрсетіледі деп көрсетілген.
Осыған байланысты, 2021 жылы қызмет алушылардан 46 қызмет түрі бойынша өтінім түскен. Оның ішінде: 2021 жылы аудан әкімінің аппаратымен 2 қызмет, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 17 қызмет, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен 3 қызмет, АХАЖ бөлімімен 7 қызмет, ауыл шаруашылығы бөлімімен 3 қызмет, жер қатынастары бөлімімен 6 қызмет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен 2 қызмет, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен 1 қызмет, спорт бөлімімен 1 қызмет көрсетілген, ауылдық округтер арқылы 4 қызмет көрсетілген, бұл 46 қызмет түрінің ішіне кіріп отыр.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жеке және заңды тұлғалардан:
2021 жылдың 12 айында – 27 932 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жамбыл ауданы әкімінің аппараты (2 қызмет)
2021 жылдың 12-айында Жамбыл ауданы әкімінің аппараты, тарапынан жалпы – 338 қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
«Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер – 338 қызмет (100 %), (2 қызмет);
- Әскерге шақыруды кейінге қалдыру - 298
- Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату – 40:
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (17 қызмет)
2021 жылдың 12 - айында Жамбыл ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан жалпы – 15 501 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
Қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер – 5 402 (33.2 %), (4 қызмет);
Баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер – 170 (1 %), (8 қызмет);
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер –1467 (9.8%), (11 қызмет);
- Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 45;
- Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 280;
- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу -80;
- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу – 31;
- Жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу – 144;
- Ақталған адамға куәлік беру – 2;
- Тұрғын үй көмегін тағайындау – 116;
- Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу – 178:
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер - 3717 (22.8%), (5 қызмет);
Ақпараттық жүйелер арқылы электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталын www.gov. kz, қоспағанда көрсетілгендер саны – 4 745 (33.10 %), (5 қызмет);
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартулар саны -778:
Жамбыл ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі (3 қызмет)
2021 жылдың 12-айында Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан жалпы – 3 156 мемлекеттік көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 3 000 (95.1%), (1 қызмет);
- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 3000;
«Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 156 (4.9 %), (2 қызмет);
2021 жылдың 12-айында Жамбыл ауданы әкімдігінің мемлекеттік – құқықтық жұмыс бөлімшесі тарапынан жалпы – 4 362 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
Баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер - 365 (8.3 %), (4 қызмет);
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 2317 (53.1%) (5 қызмет);
- Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 388;
- Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 238;
- Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру - 1170;
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 48;
- Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу -473;
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер – 1 680 (38.5%), (4 қызмет);
Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі (3 қызмет)
2021 жылдың 12-айында Жамбыл ауданы әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімі тарапынан жалпы – 167 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
– Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 20 қызмет (11.9 %),(1 қызмет);
Баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер - 147 (88.1 %), (2 қызмет);
Жамбыл ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі (6 қызмет)
2021 жылдың 12-айында Жамбыл ауданы әкімдігінің Жер қатынастар бөлімі тарапынан жалпы – 1 578 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
– Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2 қызмет (0.2 %);
Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 2 қызмет (0.2 %) (1 қызмет);
- Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау - 2;
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер – 1 576 (99.8%), (5 қызмет);
- Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту – 1 486 (бас тартулар 226);
- Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру– 29;
- Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру – 18;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 22;
- «Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»- 21(бас тартулар 54);
Жамбыл ауданы әкімдігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (1 қызмет)
2021 жылдың 12-айында Жамбыл ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі тарапынан жалпы – 32 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 32 қызмет (100 %).
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтің атауы -32 қызмет (100 %), (1 қызмет);
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету – 32.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартулар саны -2:
Жамбыл ауданы әкімдігінің Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (2 қызмет)
2021 жылдың 12-айында Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан жалпы – 551 мемлекеттік көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер - 500 қызмет (90.7 %), (2 қызмет), (бас тартулар 334);
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы- 408;
- Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру-2;
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартулар саны -354:
Жамбыл ауданы әкімдігінің Дене шынықтыру және Спорт бөлімі (1 қызмет)
2021 жылдың 12-айында Жамбыл ауданы әкімдігінің Спорт бөлімі тарапынан жалпы – 19 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 19 қызмет (100%).
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер
2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру-19.
Ауылдық округтер әкімі аппараттары (4 қызмет)
2021 жылдың 12-айында Жамбыл ауданы әкімдігінің ауылдық округтер тарапынан жалпы – 2 228 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
Жамбыл ауданында 2021 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтер туралы ақпарат.
Барлығы – 5;
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ -1;
Ағымды жылдың 19 сәуірде азаматша Ш.Оразымбетовадан «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрінен өтініші түсіп, өтініштің қызмет көрсету мерзімі 12 мамырға дейін болатын алайда қызмет көрсету мерзімі бір күнге бұзылып көрсетілді.
Бұл бойынша, Жамбыл ауданы әкімдігігің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Б.Нұсқабековке жүктелген. Жауапты тұлғаның жауапкершілігі 02.09.2021 жылғы №24 бұйрығымен сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
ТҰРҒЫН ҮЙ, КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ -1;
Ағымды жылдың 26 сәуірде азамат А.Новодворскийден "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрінен өтініші түсіп, өтініштің қызмет көрсету мерзімі 12 мамырға дейін болатын. Аталған мемлекеттік қызметті 18 маусымда дәлелді себептермен бас тарту деп 27 жұмыс күніне кешіктіріп жауабы берілген. Бөлімнің аталған мемлекеттік қызметке жауапты сектор меңгерушісі А.Томашовтың жұмыстан шығуына орай жауапкершілігі қаралмады.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ -2;
Ағымды жылдың 16 тамызда азаматша А.Берікқызынан "Кресло-арба алу" және «Сурдотифлотехникалық және гигиеналық құралдар алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрінен өтініштер түсіп, Осы көрсетілген мемлекеттік қызметтер «Кресло-арба алу» бойынша - 4 күнге, «Сурдотифлотехникалық және гигиеналық құралдар алу» бойынша – 5 күнге мерзімдері кешіктіріліп орындалған. Мерзімінен кешіктіріп көрсеткені үшін Жамбыл ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектер және ардагерлерге көмек көрсету секторының бас маманы Ш.Карашолаковқа сөгіс түріндегі жаза қолданылды.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ -1;
Ағымды жылдың 31 тамызда азамат Д.Демченкодан "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрінен өтініші түсіп, өтініштің қызмет көрсету мерзімі 03 қыркүйекке дейін болатын алайда қызмет көрсету мерзімі екі күнге бұзылып көрсетілді.
Шағымдар туралы
Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтерді алу барысында бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігіне 2 азамат жүгінген.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың сәуір айында азаматша Д.Турлугулованың аудандық АХАТ ақпараттық жүйесінде анықталған кемшіліктерге агенттік төрағасының (А.Жайылғанова) жеке блогына шағымданған. Нәтижесінде кемшіліктер түзетіліп, шағым иесіне толықтай қызмет көрсетілген.
Сонымен қатар, мамыр айында азамат Қ.Байжанов «e-лицензия» ақпараттық жүйесіндегі қызмет беруші тізімінде ауданға қарасты ауылдық округтер тізімі болмауына шағымданған. Нәтижесінде, қызмет алушыға өтінішті тесттік режимде қолданып, барлық ауылдық округтер бар екендігі көрсетіліп, толық ақпарат берілді. Дәл осы азамат шілде айында Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратына өтінішінің жауабын мерзімінде ұсынылмауына шағымданған. Алайда, шағым иесіне өз өтінішін қараусыз қалдыру жөнінде қайта өтініш жазу себебінен шағым қараусыз қалдырылған.