ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

2022 жылғы 24 шілдеде Жамбыл ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы екі сайлау округі бойынша өтті.

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жамбыл ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Қарой сайлау округі

Қарой ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3651 азамат енгізілді, олардың 2598 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 26, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абдумуталиев А.Б. - 717; Урпеков А.Ю. - 1852.

Қарой ауылдық округінің әкімі болып Урпеков Асет Юсупович сайланды, 1980 жылы туған, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Гродиково ауылдық округінің Гродеково ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

Қызылқайнар сайлау округі

Қызылқайнар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3026 азамат енгізілді, оның 1793 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 35, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 70.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Муздыбай С.С. - 319; Тапжанов Т.Ж. - 1369.

Қызылқайнар ауылдық округінің әкімі болып Тапжанов Торехан Жумабекович сайланды, 1965 жылы туған, Қарой ауылдық округінің әкімі, Ақбұлым ауылдық округінің Ақбұлым ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 25 шілдедегі шешімімен 2022 жылғы 24 шілдеде сайланған Жамбыл ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
25 июля 2022