Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы «24» шілдеге тағайындалған Жамбыл ауданы Қарой және Қызылқайнар ауылдық округтері әкімдері сайлауына тіркелген кандидаттардың кандидатураларын алып тастау туралы хабарламасы

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2022 жылғы «24» шілдеге тағайындалған Жамбыл ауданы Қарой және Қызылқайнар ауылдық округтері әкімдері сайлауына тіркелген кандидаттардың кандидатураларын алып тастау туралы хабарламасы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-6-бабының 1-тармағына сәйкес Жамбыл ауданы Қарой және Қызылқайнар ауылдық округтері әкімдері сайлауына тіркелген кандиттардың 2022 жылғы 21 шілдедегі өз кандидатураларын алып тастау туралы берген жазбаша өтініштері негізінде Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесідей кандидаттарды тіркеу туралы шешімінің күшін жойды:

 

Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидат - Джанкоразов Аскар Абдимажитович, 1967 жылы туған, Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры, Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидат -   Мусаханов Бекежан Базарбаевич, 1978 жылы туған, Қызылқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  Қарой және Қызылқайнар ауылдық округтері әкімдігіне тіркелген кандидаттардың кандидатураларын алып тастау туралы 2022 жылғы 21 шілдедегі хаттамасы облыстық сайлау комиссиясына жолданды.

 

 

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
21 июля 2022