Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының тіркеу туралы хабары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 - бабы, 9 тармағына сәйкес Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жамбыл ауданы Қарой және Қызылқайнар ауылдық округтеріне әкімдікке ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Қарой ауылдық округіне Абдумуталиев Алга Балабекович, 1975 жылы туған, Бесағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары, Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Қарой ауылдық округіне Джанкоразов Аскар Абдимажитович, 1967 жылы туған, Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры, Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Қарой ауылдық округіне Урпеков Асет Юсупович, 1980 жылы туған, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының маманы, Жамбыл ауданы Гродеково ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан кандидаттыққа ұсынылды;
Қызылқайнар ауылдық округіне Муздыбай Сағи Сағынғалиұлы, 1993 жылы туған, Жамбыл аудандық Мәдениет үйі директорының орынбасары, Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Қызылқайнар ауылдық округіне Мусаханов Бекежан Базарбаевич, 1978 жылы туған, Қызылқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Қызылқайнра ауылдық округіне Тапжанов Торехан Жумабекович, 1965 жылы туған, Қарой ауылдық округінің әкімі, Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан кандидаттыққа ұсынылды.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы