Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 6 айдың қорытындысы бойынша атқарған жұмыстарының
Есебі
Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 3 мәдениет мекемелері бар: Аудандық мәдениет үйі, Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Аудандық тарихи-өлкетану музейі.
Жамбыл ауданының даму жоспары бойынша (Көрсеткіштер)
2022 жылы Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен аудан әкімі арасында Жамбыл облысының даму жоспарының 2021-2025 жж. арналған Келісім бекітілген. 6 айдың қорытындысы бойынша:
1.«Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру индикаторы бойынша 6 айдың қорытындысымен оқырман саны – 13353 құрап отыр. Жыл соңына дейін оқырмандар санын 32855-ке жеткізу жоспарлануда. Қорытындысы жыл соңында шығады.
Аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша ЖСҚ-сы әзірленген. Қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін а.ж. 14 наурызында келісімшарт жасалған. Сараптама өткізілген, қаржысы сұралуда.
Шайқорық ауылдық кітапханасын ағымды жөндеу бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне 10272,483 теңгеге ЖСҚ дайындалып, өткізілді.
Тілдерді дамыту бойынша (Көрсеткіштер)
Аудан аумағында барлығы 50 мәдениет нысандары халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Оның ішінде: 1 аудандық мәдениет үйі, 4 ауылдық мәдениет үйі, 15 ауылдық клуб, 1 орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, 27 ауылдық кітапхана, 1 балалармен жасөспірімдер кітапханасы және 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 1 «Зерде» бейнемобиль.
Аудандық мәдениет үйі бойынша:
Типтік ғимараттағы мәдениет нысандарының саны 16;
Ыңғайластырылған ғимараттағы мәдениет нысандарының саны 4;
2021 жылы жаңадан соғылған мәдениет нысандары 2 (Жалпақтөбе, Қаракемер).
2022 жылы пайдалануға берілген жаңа мәдениет нысандары 2 (Өрнек, Шоқай).
Аудандық орталық кітапхана бойынша:
Типтік ғимаратта орналасқан кітапханалар саны 8.
Ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан 21. Оның ішінде: Ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында орналасқан саны 5, Мәдениет үйі, клуб ғимараттарында орналасқан кітапханалар саны 12, Мектеп ғимараттарындағы кітапханалар саны 4.
Аудандық тарихи-өлкетану музейі бойынша:
Ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан (Жастар орталығы). Жол картасы бойынша 2023 жылы аудандық музейдің құрылысы жүргізілетін болады.
Жамбыл ауданы аумағында 221 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Соның ішінде: ЮНЕСКО-ның тізіміне енген 1 (Ақыртас сарай кешені). Республикалық дәрежедегі мемлекеттік тізімге енгізілген тарихи және мәдениет ескерткіштерінің саны – 3 (Айша Бибі кесенесі, Бабаджа Хатун кесенесі, Жікіл қалашығы). Жергілікті дәрежедегі мемлекеттік тізімге енгізілген тарих және мәдениет ескерткіштер 80. Аудан бойынша алдын-ала есепке алынған – 137.
Штат бірліктері бойынша
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде штат бірлігі 6 адам, оның ішінде 1 бөлім басшысы, 2 бас маман, 3 штаттан тыс қызметкер.
Аудандық мәдениет үйінің барлық штат саны 170, оның ішінде шығармашылық қызметкерлері 71, техникалық қызметкерлер саны 93. әкімшілік қызметкерлер саны 6, жоғары білімді мәдени қызметкерлер 53, арнаулы орта білімді мәдени қызметкерлер саны 18. Оның ішінде: өзге сала мамандардың саны 3.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде штат бойынша барлығы 75 адам. Оның ішінде 43 сала қызметкері, 32 кіші қызметкерлер. Кітапханашылардың 25 жоғарғы білімді, арнаулы кітапханалық білімді 18.
Аудандық музейде штат бірлігі 5 адам, директор, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау инспекторы, экскурсовод, мұражай қорын сақтаушы, есепші жұмыс атқаруда. Барлығы жоғары білімді.
Іс-шаралар бойынша
2022 жылдың 6 айында барлығы 516 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 32999 адам тартылды. Оның ішінде: бөлім тарапынан 8 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 159 адам тартылды.
Аудандық мәдениет үйі бойынша 297 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 24000 адам тартылды. Іс-шараға бөлінген қаржы көлемі–2200,0 мың.теңге. Барлық үйірме саны 72, қатысушылар саны 591 адам, оның ішінде аудандық мәдениет үйінде 13 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс атқарады, оған 158 адам катысады, ауылдық мәдениет үйлерінде 17 үйірме, қатысушылар саны 128, ауылдық клубтарда үйірме саны 42, қатысушылар саны 305, қызықтыру клубы 6, қатысушылар саны 202 адам, қолөнер 11, қатысушылар саны 114 адам, барлық құрылым саны 89, қатысушылар саны 907 адамға артты.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 190 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 8120 адам тартылды. Іс-шараға бөлінген қаржы көлемі 282 850 теңге. Барлық үйірме саны 7, қатысушылар саны 132 адам. 2022 жылдың 6 айында кітап қоры 224516 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 148625 дананы құрап отыр. 2022 жылдың 6 айында енгізілген дерекқор саны 219954 артты.
Халықтың кітап оқу белсенділігін 2022 жылы 32855-ке жеткізу жоспарланып отыр. 2022 жылдың 6 айында 13353 оқырман болды.
Аудандық тарихи-өлкетану музейі бойынша 21 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 720 адам тартылды.
Цифрландырылған ақпараттық орталықтар бойынша
Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 21 цифрландырылған ақпараттық орталықтар: Аудандық орталық кітапхана, Айшабибі, Өрнек, Тоғызтарау, Ерназар, Тастөбе, Бесағаш, Гродеково, Шайқорық, Ащыбұлақ, Бектөбе, Еңбек, Бірлесу-Еңбек, Ақбұлым, Қызылқайнар, Қараой, Қаракемер, Жалпақтөбе, Жасөркен, Шайдана, Қоңыртөбе ауылдық кітапханалары тұрғындарға қызмет көрсетеді (барлық ауылдық округте ашылған). Цифрландырылған ақпараттық орталықтарда ауыл тұрғындарына egov.kz порталы арқылы алынатын анықтамалар түрлері қолжетімді. 2021 жылы жергілікті бюджеттен 3 555 000 мың теңге бөлініп, 3 цифрландырылған ақпараттық орталық ашылды. Әр орталықта 3 компьютер жиынтығы (жұмыс компьютерінен бөлек) мен көпфункционалды принтер, веб-камера, микрофон, құлаққаппен жабдықталған. Орталықтарда egov.kz электронды үкімет порталы арқылы 30-дан аса анықтамалардың түрлері беріледі. 2022 жылдың 6 айында берілген анықтамалар саны – 2317.
Тілдерді дамыту саласы бойынша
Жамбыл ауданына қарасты 17 ауылдық округ, 42 елді мекен, 520 көше бар. Олардың ішінде 304 көше тарихи тұлғалар, 87 көше дәстүрлі және 129 көше жер-су атауларымен аталған.
2021-2022 жылы, облыстық ономастика комиссиясының қарауына 2 елді мекен (Бесжылдық, Пригородное), 9 көше (Седовка көшесінің 1-бұрылысы, Набережная көшесінің 1-бұрылысы, Садовая көшесінің 1-бұрылысы, Жаңа Бәйтерек көшесі, Жаңа Бәйтерек 2 көшесі, Жайлау 4 көшесі, Бұлақ 1көшесі, Бескен Абдраимов көшесінің 1 бұрылысы, Әбілдә Баялиев көшесінің 1 бұрылысы), 1 нысан (Шәмші Қалдаяқов мәдениет үйі) ұсынылып, бір елді мекеннің атауы қайта аталды (Бесжылдық ауылы-Шәкен Ниязбеков ауылы болып қайта аталды).
Аудан бойынша 2022 жылы пошта индексі және QR-коды бар жаңа үлгідегі аншлагтарды ауыстыруға 4,937,0 мың. теңге бөлінді. Жалпы саны 15 655 үй бар. 2022 жылы 2 802 үйге жаңа үлгідегі аншлагтар орнату жоспарлануда. Жыл соңына дейін, белгіленген жоспарды толық орындау күтілуде.
Аудандағы 17 ауылдық округ, 42 елді мекенде зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында, ағымдағы жылы жұмысшы топ құрылып (құрамында тіл жанашырлары, мемлекеттік қызметшілер, БАҚ-өкілдері, жастар қамтылып) 1-зерделеу, 2-рейд, 1-айлық, 1-акция ұйымдастырылды.
Бірінші тоқсанында жүргізілген зерделеу жұмыстары барысында, аудандағы 36 көшедегі, 64 көрнекілік (27 нысан, 18 билборд, 9 керме, 10 банер т.б) қамтылып, 23 кемшілік анықталып, 19 кемшілік түзетілді. Жеке сектор өкілдеріне 80-нен астам ақпараттық парақшалар таратылды.
Жетістіктер:
- Облыс көлемінде ұйымдастырылған «Рухани керуен» жобасына белсене ат салысып ауданымыз үздік үштіктер қатарынан табыла білді.ІІІ орын.
- Облыстық «Киелі кимешек» байқауында бірінші орынды иелендік.
- Халық Қаһарманы, «Тарлан» сыйлығының иегері Роза Бағланованың 100 жылдығына орай өткізілген облыстық байқауда аудандық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушы Тәңірберген Сейлғазы II орын иеленді.
- «Жаңа Есім» облыстық байқауына ауданнан Нұрай Әбілдә, Бауыржан Бегалы екі үміткер финалға жолдама алып, Жаңа Есім атанды.
- «Кітапханашы – ХХІ ғасыр мамандығы, жыл маманы 2022» бауқауынан Ақбұлым ауылдық кітапханасының меңгерушісі бас жүлдені иеленді.