ХАБАРЛАМА
2022 жылғы 19 маусымда Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық округі әкімінің сайлауы бір сайлау округі бойынша өтті.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы №178 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Ерназар сайлау округі
Ерназар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 883 азамат енгізілді, олардың 661 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 5, "Барлығына қарсымын" белгісі қойылған жолда - 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жолбай Е. - 490; Рысбеков А. - 164.
Ерназар ауылдық округінің әкімі болып Жолбай Ержан сайланды, 1976 жылы туған, Байзақ ауданы Көптерек ауылдық округі әкімі аппаратында маман, Жамбыл облысы Тараз қаласында тұрады, "AMANAT" партиясы ұсынған.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 20 маусымдағы шешімімен 2022 жылғы 19 маусымда сайланған Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы