ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

2022 жылғы 29 мамырда Жамбыл ауданыҚарасу ауылдық округі әкімініңсайлауыбір сайлау округі бойынша өтті.

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жамбыл ауданыҚарасу ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы №176 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

 

Қарасу сайлау округі

Қарасу ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1195 азамат енгізілді, олардың 978 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны -2, "Барлығына қарсымын" белгісі қойылған жолда - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Джанузаков М.Д.- 721; Мампаев Р.С.- 252.

Қарасу ауылдық округінің әкімі болып Джанузаков Мади Джарылкапбаевич сайланды, 1987 жылы туған, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, Қарасу ауылдық округінің Шайдана ауылында тұрады, "AMANAT"партиясы ұсынған.

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 30 мамырдағы шешімімен 2022 жылғы 29 мамырда сайланған Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
29 мая 2022