2022   жылдың  наурыз айына төмендегідей орташа айлық құнын өтеу ставкалары

Жамбыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі  № 204  қаулысымен бекітілген,  жеке және заңды тұлғаларға адам мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандыратын және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу бойынша арнайы комиссия мүшелері бір ауыздан ҚР АШМ 2014 жылғы 30 қазандағы «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы»№7-1/559 бұйрығына сәйкес, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл  аудандық инспекциясы ұсынған  статистика органының деректері  негізінде, алып қоймай залалсыздандыратын және қайта өңделген жануарлардың жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың 2022   жылдың  наурыз айына төмендегідей орташа айлық құнын өтеу ставкаларын белгіледі:

 

 

Мүйізді ірі қара

 

Сүтті табындағы сиырлар –289 828 теңге

Сүтті табынның тұқымдық бұқалары – 317 490 теңге

Сүтті табынның ірі қара малдарының төлдері – 192 354 теңге

Сүтті табынның 1 жасқа дейін төлдері – 154 677 теңге

Етті табынның сиырлары – 374 967 теңге

Етті табынның тұқымдық бұқалары – 342 053 теңге

Етті табынның ірі қара малдарының төлдері – 254 951 теңге

Етті табынның 1 жасқа дейін төлдері – 189 737 теңге

 

 

 

Жылқылар

 

3 жас одан үлкен жылқылар – 464 758 теңге

Құнан 3 жасқа дейінгі – 320 000 теңге

1,5 жасқа дейінгі тайлар – 209 045 теңге

 

Қойлар

 

Қылшық жүнді саулық қойлар – 67 082 теңге

Қылшық жүнді қошқарлар – 61 237 теңге

1-2 жасқа дейінгі қылшық жүнді ұрғашы тоқтылар – 44 721 теңге

6 айдан 1 жасқа дейінгі  қылшық  жүнді тоқтылар – 33 317 теңге

 

Ешкілер

 

Ересек ешкілер – 35 777 теңге

1 жасқа дейінгі лақтар – 18 974 теңге

Дата публикации
20 апреля 2022