Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының шешімі
№11
20.05.2022 ж.
Жамбыл ауданының Ерназар ауылдық округі
әкімінің сайлауын тағайындау
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Жамбыл ауданының Ерназар ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 19 маусымға тағайындалсын;
- 2022 жылғы 19 маусымға тағайындалған Жамбыл ауданының Ерназар ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін;
- Осы шешім Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы Б.Көшербаев
Комиссия хатшысы А.Отыншиев