Жамбыл ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының шешімі

№6

29.04.2022 ж.

 

 

Жамбыл ауданының Қарасу ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау

туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Жамбыл ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 29 мамырға тағайындалсын;
  2. 2022 жылғы 29 мамырға тағайындалған Жамбыл ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін;
  3. Осы шешім Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде жариялансын.

 

 

         Комиссия төрағасы                                                  Б.Көшербаев

 

Дата публикации
29 апреля 2022