ХАБАРЛАМА
2022 жылғы 3 сәуірде Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің сайлауы бір сайлау округі бойынша өтті.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы №179 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Тоғызтарау сайлау округі
Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 427 азамат енгізілді, олардың 391 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 5, "Барлығына қарсымын" белгісі қойылған жолда - 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Рысбеков А.М. - 15; Тулеков Н.Р. - 326;. Туткишбаев Б.К. - 41.
Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі болып Тулеков Нурадил Рахманулы сайланды, 1991 жылы туған, Тоғызтарау ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман-іс жүргізуші, Тоғызтарау ауылдық округінің Тоғызтарау ауылында тұрады, "AMANAT"партиясы ұсынған.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен 2022 жылғы 3 сәуірде сайланған Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы