«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Жамбыл аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі
Хаттама №____
Аса ауылы «07» ақпан 2022 жыл Абай көшесі №127 сағат 17:00
Төраға- Ә.Д.Әлиев
Қатысқандар: бөлім қызметкерлері
Хатшы- І.Сулеймен
Өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмыс сапасын арттыру.
Жамбыл аудандық бөлім басшысы Әділет Досмаханбетұлы Әлиев жиынды ашық деп жариялап, өз сөзінде; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалынан 2020 жылдың 25 желтоқсанында келіп түскен шығыс №03-08-14-10/30118 хатқа сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет » мемлекеттік корпорациясының қызметін жетілдіруде Бұл мемлекеттік қызметтерді халыққа қолайлы қолжетімді етудің ыңғайлы жолын қарастыра отырып ауданымызда фронт-офистерден тыс емханаларда, кітапханаларда, ауылдық округі әкімшілігі ғимараттарында ашылған өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмыс сапасын арттыру мақсатында жауапты маман бекітіліп толыққанды оқыту сабақтары жүргізілді. Telegram-бот қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерін алу процесін жеңілдету болып табылады, сонымен қатар, алынған анықтамаларды электронды почтаға жіберу мүмкіндігі бар ол үшін мобильді қосымшасына электронды почтаның мекен жайын жазу керек. Электронды үкіметтің порталында m-gov мобильді қосымшасын дамыту тұрғысынан қалай пайдалануға анықтамаларды еркін алуға мүмкіндік барын және ЭЦҚ арқылы көптеген анықтамалар мен құжаттар рәсімделетіні туралы жан-жақты жиында ауқымды қамтылды. Жоғарыда аталған ақпараттарды қызметкерлердің назарына жеткізіп түсіндірме сабақтары өткізілді.
ШЕШІМ ЕТТІ:
Шалғай елді мекендерде орналасқан аудан тұрғындарына ХҚКО-на келмей, тұрғылықты жерінен электронды үкімет порталынан керекті қызмет түрлерін алып, өздерінің біліктіліктерін арттырып еліміздің цифрлы қоғамда дамуына өз үлестерін қосады. Жұмыс барысында міндетті түрде аудан тұрғындарын электронды үкімет порталымен үйрету жұмыстарын жандандырып тұрғындардың біліктілігін жоғарғы деңгейге жеткізу басты мақсат.
Төраға Ә.Д.Әлиев
Хатшы Ж.М.Кырыкбаева