Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының тіркеу туралы хабары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 - бабы, 9 тармағына сәйкес Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылдық округі әкімдігіне ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
- Рысбеков Айтбек Маханбетович, 1991 жылы туған, №17 Жамбыл колледжінің мұғалімі, Жамбыл ауданы Өрнек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
- Тулеков Нурадил Рахманулы, 1991 жылы туған, Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің аппараты, бас маман-іс жүргізуші, Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі.
- Туткишбаев Бекен Кенжебекович, 1979 жылы туған, Т.Тоқтаров атындағы орта мектебінің мұғалімі, Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы