ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЗОР

Электронды үкімет порталының қызметі зор

Ауданда азаматтарға арналған электронды үкімет порталының қызметі жүйелі жұмыс жасап келеді. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше жағдай жасалған. Олар үшін үйге жеткізу қызметін атқаратын арнайы мобильді топ бар.

Осы орайда, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының жетекші маманы Іңкәр Сүлейменнің ұйымдастыруымен «дөңгелең үстел» отырысы өткізілді. Жиын барысында орталықтың маманы Ербол Оразбекұлы мобильді топтың негізгі қызметтеріне тоқталды.

– Мобильдік топ 56 жұмыс сағат ішінде алдын ала өтініш берушімен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттар топтамасының дайындығы туралы қосымша байланысып, оларды жүзеге асыру үшін өтініш берушінің үйіне жолға шығады. Қажет болған жағдайда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша кеңестер береді, электронды-цифрлы қолтаңба беруді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету туралы толық ақпарат береді, – деп анықтамаларды электрондық үкімет порталы және электронды-цифрлық қолтаңба арқылы алуға да болатынын түсіндірді.

Шара соңында Іңкәр Қуандыққызы мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жүйе қызмет ететінін, ол үшін 1414 нөміріне хабарласуға болатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Egov.kz порталы, Egov mobile қосымшасы, Egovkzbot2.0 телеграм-боты қосылғанын да мәлімдеді.

Бекарыс МАРАТОВ,

аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының маманы.

Дата публикации
17 марта 2022