Жамбыл ауданының Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің
сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңғының 14-бабының 6-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Жамбыл ауданының Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Тоғызтарау ауылдық округінің шекарасында Тоғызтарау сайлау округі құрылсын;
- Сайлау округінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы Б.Көшербаев
№5
04.03.2022 ж.