Жамбыл ауданының Тоғызтарау ауылдық округі
әкімінің сайлауын тағайындау
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Жамбыл ауданының Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 3 сәуірге тағайындалсын;
- 2022 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Жамбыл ауданының Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін;
- Осы шешім Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы Б.Көшербаев
№4
04.03.2022 ж.