Сапалы қызмет көрсету – мерейлі міндетіміз

Сапалы қызмет көрсету – мерейлі міндетіміз

 

Халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы – еліміздегі саяси интеграцияның нышаны. Мемлекеттің даму сатысы жоғарылаған сайын халықтың сұранысы да арта түспек. Демек, халықтың құжат мәселесін реттеуде орталықтардың ашылуы – заңды құбылыс. Орталық өз жұмысын Конституциялық нормалар мен нарықтық қоғам талаптарына сай, азаматтарға қолайлы негізде жүргізіп келеді.

Бұл нысанның әлеумет үшін маңызы зор.  Себебі,  бұрын бір анықтама алу үшін бітпейтін кезек пен түрлі кабинеттер, ең құндысы, алтын уақытын сарп ететін халықтың  бүгінде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» деп аталатын осы мекеме арқылы барлық  құжатын  жедел реттеу мәселесі жолға қойылған. Көпшілік «бір терезе» деп атаған бұл мекеменің ғимараты жаңа типтік жобамен жабдықталып, келген әрбір тұтынушы үшін толық жағдай жасалынып, жұмыс жүйесі жақсы ұйымдастырылған. Тағы бір айта кетерлігі, мұндағы қызметкерлер өз істерінің білікті мамандары, қай істе де алдыңғы лектен көрініп жүр.

Халықпен тікелей жұмыс жасап, құжаттарды дер кезінде дайындап, сапалы қызмет көрсете білу – ең маңызды мәселе.

Күн өткен сайын сапалы сервиске деген қажеттілік артып келеді. Қызмет сапасын бақылау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» бірқатар механизмді әзірледі.

Заманауи және әрекетті құралдардың бірі ахуалдық талдау орталығы болып табылады. Заманауи орталық онлайн режимінде бейне-мониторинг жүргізу, мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлеріне кеңес беру көмегін көрсету және сыбайлас жемқорлық белгілерін жою үшін арнайы жабдықталған. «Азаматтарға арналған үкіметтің» ахуалдық орталығы еліміз бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылап отырады. Бүгінгі таңда ахуалдық орталыққа мемлекеттік корпорацияның барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары қосылған.

Орталық мамандары нақты уақыт режимінде таңғы сағат 8.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін фронт-офистің барлық іс-шараларына бақылау жүргізеді және қажет болған жағдайда филиалдың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін жедел түрде қызметкерлермен хабарласа алады. Мысалы, егер азаматқа қызмет сапасыз көрсетілген болса, ХҚКО-да тұрып-ақ 1414 нөмірі бойынша қоңырау шалуына болады.

Егер адам мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған кезде оған дұрыс кеңес берілмеді немесе кезек күту уақыты қажетті уақыттан асып кетті, немесе мемлекеттік корпорацияның жұмыскері дөрекілік көрсетті деп санаса, ол 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады. Негізсіз бас тартулар, қызметкерлердің дөрекілік көрсетуі немесе қызметтің ұзақ уақыт көрсетілуі бойынша барлық мәселелерді тез шешуге болады. Біз мәселені тез арада шешу үшін шаралар қабылдаймыз және орталыққа келушілер қызметті жылдам және сапалы түрде алуын бақылаймыз. «Кері байланыс» үшін біз әрдайым дайынбыз және көрсетілетін қызметтерді алуға келген адамдарға қуана көмек көрсетеміз.

Іңкәр Сүлеймен,

халыққа қызмет көрсету бойынша Жамбыл аудандық бөлімінің жетекші маманы.

Дата публикации
28 февраля 2022