Электронды қосымшалар мемлекеттік қызметті алу процесін жеңілдетеді

Электронды қосымшалар мемлекеттік қызметті алу процесін жеңілдетеді

 

Шалғай елді мекендерде орналасқан аудан тұрғындарына халыққа қызмет көрсету бөліміне келмей, тұрғылықты жерінен электронды үкімет порталы арқылы қажетті қызмет түрлерін алуына қолайлы жағдай жасалуда. Осы орайда жергілікті тұрғындар өздерінің біліктілігін арттырып қана қоймай, еліміздің цифрлы дамуына үлес қосуда. Дейтұрғанмен жамбылдықтарға электронды үкімет порталын тиімді қолдануды үйрету жұмыстарын жандандыру, олардың біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру көзделген.

Бұл жайында Жамбыл аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының міндетін атқарушы Жалғас Арықбаев ұжымның қатысуымен өткен жиында айтты.

– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін жетілдіруде мемлекеттік қызметтерді халыққа қолайлы, қолжетімді етудің ыңғайлы жолын қарастыру, өңірдегі фронт-офистерден бөлек, емханаларда, кітапханаларда, ауылдық округтердің әкімшілік ғимаратында ашылған өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмыс сапасын арттыру маңызды. Арнайы бекітілген жауапты мамандар бұл бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Электрондық қосымшаларды қолдану процесін оңтайландыру жұмыстары әрі қарай жалғаса береді, – деген Жалғас Кеңесбекұлы электронды қосымшалар мемлекеттік қызметті алу процесін жеңілдетуге арналғанын алға тартты.

Айта кететін жайт, «m-gov» мобильді қосымшасы арқылы электронды үкіметтің порталынан көптеген анықтамалар мен құжаттарды рәсімдеуге болады.

 

Іңкәр Сүлеймен,

аудандық халыққа қызмет көрсету орталы­ғының жетекші маманы.

Дата публикации
28 февраля 2022