Жамбыл ауданының 2021 жылғы
әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің
Т Е З И С І
2021 жылдың 11 айында өнеркәсіп саласында 20 млрд. теңгенің өнім өндіріліп, өсім 18,3%-ды құрап отыр.
Ауыл шаруашылығында 51,3 млрд. теңгенің өнімі жиналып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,4%-ға жетті.
Оның ішінде, өсімдік шаруашылығының нақты көлем индексі 106,5%-ды, мал шаруашылығында 106,3%-ды құрады.
2021 жылы жалпы түсім күздік бидайдан 5 110 тонна (11,9 ц/га), жаздық арпадан 17 834 тонна (12,9 ц/га), 10 314 тонна дәндік жүгері (57,3 ц/га), 4533 тонна майлы дақылдар (15,4ц/га), 13 218 тонна картоп (227 ц/га), 302 885 тонна көкөніс (343,3 ц/га), 20 790 тонна бақша дақылдары (280,9 ц/га) жиналды. 25 093 гектардан 163 222 тонна мал азығы (65,0 ц/га), дайындалды.
Аудан бойынша барлығы 112 көкөніс сақтау қоймаларында 1251 тонна алма, 21 790 тонна пияз және 6059 тонна сәбіз бар.
Аудандағы жылыжайдан 9,2 тонна қызанақ, 26,2 тонна қияр, 60,0 мың дана гүл жиналды.
Ауылдық округ шаруашылықтары су үнемдеу технологиясы бойынша 4 561,5 га тамшылатып, 1 041,0 га жаңбырлатып суару әдісін пайдаланды.
Есепті жылы 411,2 млн. теңгеге 106 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Оның ішінде лизинг жүйесімен алынғаны 24 дана 137,7 млн теңге.
Ауданда ірі қара малы 48 519 басқа, қой-ешкі 246 869 басқа, жылқы 19 751 басқа, түйе 95 басқа, үй құстары 417 369 басқа жетті.
40 261 тонна сүт, тірі салмақта 8 936,8 тонна және сойыс салмақта 4 909,6 тонна ет, 71 772 мың дана жұмыртқа өндіріліп, сүт өндіру 101,0%-ды, ет 110,6%-ды, жұмыртқа 114,5%-ды құрады.
Облыс әкімінің бастамасымен халықтың тұрмыс табысын жақсарту жобасы іске асырылуда Өрнек ауылдық округі бойынша 91 құжат 318 млн. теңгеге «Тараз» ӘКК» АҚ жіберілді. Оның ішінде 46 құжатпен 170 млн. теңге несие беріліп, 10 аула 481 бас мал алды (461 бас қой, 20 бас жылқы). Бұл жұмыстар өз жалғасын табуда.
Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 4 дренажды канал (Шайқорық ст., Қоңыртөбе, Ащыбұлақ), аудандық бюджеттен Тоғызтарау а/о қарасты Сұлтан каналын тазалау және Аса өзенінің арнасын бөгеу жұмыстары жүрді.
Аудандағы жайылымдық жердің көлемі 279 501 гектарды құрайды (о.і. 65 564 га орман қорының жайылымы).
Аудандағы мал жайылымдарына қажеттілік 99 300 гектарды құраған болатын. Қажеттілікті азайту үшін төмендегідей шаралар қабылданды:
- мемлекет меншігіне 3 170 гектар жайылымдық жер қайтарылды;
- 44 976 гектар жайылымдық жері бар, бірақ мал басы жоқ 410 шқ «Жер кодексінің» 92, 94-баптарының нормаларына сәйкес ескерту-хабарламалар берілді;
- ауданның жер қорынан елді мекендерден 5-7 шақырым радиуста жайылымдық жерлерді конкурс арқылы беруге тыйым салынды;
- елді мекендерден 5-7 шақырымдық аймақта ауылдың малын жаю үшін жайылымдық жерлері бар 115 жер пайдаланушылармен 48 664 га жерге Меморандумдар жасалды;
- аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес 16 ауылдық округке босалқы жер қорындағы жалпы көлемі 9 916 гектар жайылымдық бекітіліп берілді.
- Жер кодексінің 84-бабына сәйкес жеке ауладағы малды жаю үшін мемлекет мұқтажы үшін 297,62 гектар жайылым жерлерді алу бойынша сотқа құжаттар әзірленуде (Айша бибі а/о бойынша 227,56 га, Қаратөбе а/о бойынша 70,06 га).
Қазіргі таңда жайылымдарға қажеттілік көлемі 61 750 гектарға азайып 37 550 гектарды құрап отыр (62%).
Негізгі капиталға салынған инвестицияға алдын ала дерек бойынша 34,1 млрд. теңге салынып, нақты көлем индексі 21,0%-ға мына жобалардың есебінен артуда. Атап айтқанда, «Алель Агро» ЖШС-гі құс өсіру фабрикасының құрылысын жүргізсе, «Аса агро» ЖШС-гі тауық етін өндіру бағытындағы жобаны іске асырды. Ал, «АЕК АСА» компаниясынан күн сәулелі электр станциясының құрылысын жүргізуде.
Алдын ала дерек бойынша жалпы көлемі 11,7 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нақты көлем индексі 100,8%-ды құрап отыр.
Аудандағы 42 елді мекеннің 30-да орталықтандырылған ауыз су жүйесі бар. Аудан бойынша 86 797 адамның 71 107-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған (82,6%).
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Шоқай ауылының ауыз су құбырының құрылысы аяқталып пайдалануға беріліп, аудандағы ауыз сумен қамтылған елді мекен саны 30-ға жетіп, қамтылу деңгейі 71,4%-ды құрады.
Осы бағдарлама шеңберінде Бесағаш-Түрксіб елді мекендеріне ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде, жоба 2022 жылы аяқталады.
Сонымен қатар, 2022 жылы Қаракемер ауылына ауыз су құбырын тартуға қаржы бөлініп отыр.
Бұдан басқа, Айша бибі ауылынан 300 орындық жаңа мектеп құрылысы жүргізілуде, жоба 2022 жылы аяқталады. Ал, 2022 жылы Шоқай ауылынан 150 орындық жаңа мектеп құрылысын жүргізуге қаржы бөлініп отыр.
Аудан бойынша 42 елді мекеннің 38-і табиғи газ жүйесімен қамтылған (90,4%). Аудандағы 16 113 ауланың, табиғи газ жүйесімен 15 914 ауласы немесе 98,8%-ы қамтылды.
Есепті жылы 5 ауылға газ тартылды, облыстық бюджетен Жұма, Көлқайнар ауылдарына (84,3 млн.). «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Ерназар, Шайдана, Өрнекке (655,3 млн.). Осы бағдарлама аясында Аса ауылында кәріз жүйесінің құрылысы аяқталды (199,5 млн.).
2021 жылы «Ауыл ел» бесігі» жобасы аясында 883,5 млн. теңгеге 16 жоба іске асырылды. Оның ішінде Өрнек ауылынан 140 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын.
Ал, Қаракемер ауылынан 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілуде, жоба 2022 жылы аяқталады.
Жалпы алаңы 75 261 шаршы метрді құрайтын жеке меншік тұрғын үй қабылданды, бұл өткен жылға қарағанда 15,7%-ға артқан.
Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 1 339 адам тұр. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 105 бала, әлеуметтік әлсіз топтағы 523 адам, 472 көп балалы отбасы және 239 мемлекеттік қызметшілер.
Есепті жылдың маусым айында Аса ауылы Абай көшесінен тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға 76 пәтерлі тұрғын үй берілсе, облыс әкімінің бастамасымен қолдау тапқан «Асарлатып үй салу» жобасымен соңғы екі жылда 17 ауылдық округте 19 үй салынып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға табысталды.
Жалпы аудан бойынша 11 773 адам жеке меншік тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімін алуға кезекте тұрса. 2021 жылы осы бағытта 7 елді мекеннің жаңа тұрғын алқаптарына инженерлік-инфрақұрылымының құрылысына жалпы 2,5 млдр. теңге бөлініп, электр жарығы мен ауыз су жүргізу, газ тарту, қиыршық тас жол салу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде кезекте тұрған азаматтарға 1 063 жер учаскесі таратылып берілді (Айшабибі– 382, Бірлесу-Еңбек – 130, Тастөбе – 89, Ш.Ниязбеков – 97, Бектөбе – 143, Қызылқайнар – 222 жер телімі).
Бөлшек сауда тауар айналымы 8,1 млрд. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 128,5%-ды құраса, көтерме сауда айналымының көлемі 22,5 млрд. теңгеге құрап, нақты көлем индексі 41,9%-ға артқан.
Орташа айлық жалақы көлемі 219 450 теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,3%-ға артты.
Салықтар мен міндетті төлемдердің орындалуы бойынша аудандық бюджеттің кіріс бөлігіне нақты 4,2 млрд. түсіп, 12,8%-ға артық орындалды (болжам - 3,7 млрд.).
Бюджеттің игерілуі 98,8%-ды құрады (жоспар – 20,2 млрд.; нақты – 20,0 млрд.).
Аудан бойынша тіркелген 5 634 кәсіпкерлік нысандарының 4 811-ы немесе 85,3%-ы жұмыс жасайды, онда жұмыспен қамтылғандар саны 7 592 адам.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында барлығы 107,8 млн. теңгеге 21 жоба қаржыландырылды.
2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 23 жоба 1,8 млрд. қаржыландырылды. Ал, есепті жылы ұсынылған 2 жобаның құжаттары екінші деңгейлі банктерде қаралуда.
Жалпы аудан бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 321,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 72 шақырым, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары 85,7 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар 163,9 шақырым.
Ал, елді мекендердегі көшелер саны – 517, ұзындығы - 415 шақырым.
2021 жылы жалпы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 9,6 шқ. 146,4 млн. теңгеге орта жөндеуден өткізілді (Бесағаш-Юбилейный, Құмтиын-Өрнек-Ерназар, Ерназар-Қойгелді, Құмсуат ауылына кіреберіс, Шайдана-Сеңгірбай).
Бұдан бөлек 10 ауылдың 26 ауыл ішілік 22,5 шқ. көше жолдары 307,7 млн. теңгеге жөнделді. Оның ішінде «Ауыл - ел бесігі» жобасы шеңберінде 10 ауыл ішілік көше жолдары 13,7 шқ. (235,1 млн.).
Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Гродиково ауылындағы Ақжол көшесінің тротуары (86,7 млн. теңге) және аудандық бюджет есебінен Айшабибі ауылындағы Жібек жолы көшесінің тротуары (31,5 млн. теңге) жөнделді.
2021 жылы аудандық бюджеттің 104,7 млн. теңгесіне 13 елді мекендердегі орталық стадион, орталық полиция бөлімі мен мал сою алаңы аумақтары, мектепке баратын көшелер жарықтандырылып, трансформатор орнатылып, электр сымдары ауыстырылды.
Жұмыссыздық деңгейі 4,4%-дық деңгейде қалыптасса, күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың орта есеппен жан басына шаққанда 36 700 теңгені құрады.
Мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар арқылы барлығы 4 895 адам жұмысқа орналасып, жоспар 18,2%-ға артық орындалды. Оның ішінде, қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға 318 адам жолданса, шағын несие 196 адамға, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант 598 адамға берілді, Бастау бизнес жобасы аясында оқуға 363 адам жолданды, жастар тәжірибесі бойынша 177 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 114 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға 1058 адам тартылып, алғашқы жұмыс орнына 6 адам, тұрақты жұмысқа 2 065 адам орналастырылды.
Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тұруға өтініш білдіргендердің 3 414-і немесе 68,5%-ы жұмыспен қамтылды.
Денсаулық сақтау саласында 36 мекеменің 19-ы ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.
1000 адамға шаққанда туу көрсеткіші 22,5 промильді құраса, өлім көрсеткіші 4,8 промильді құрады.
2021 жылы 100 мың адамға шаққанда қатерлі ісік аурулары коэффициенті 9,5-ді (2020 жылы– 10,5), туберкулезбен ауырғандар көрсеткіші 14,1-ді (2020 жыл– 19,0), наркологиялық тәуелділікке душар болғандар көрсеткіші 1,7-ні құрап (2020 жыл– 1,1), жүйкесі сыр бергендер көрсеткіші 0 құрады (2020 жылы- 1).
2022 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Қызылқайнар ауылындағы дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өткізіледі.
COVID-19 індетіне қарсы 18 жастан асқан тұрғындарды екпемен қамту бойынша берілген жоспар 100,1%-ға орындалды (облыс 100,1%) (жоспар - 38 862, орындалғаны - 38 887).
Ревакцинация бойынша жыл соңына дейін 6 589 адамды қайта екпеден өткізу жоспарланса, бүгінгі күнге 3 579 адам, 54,3% қамтылды (облыс 20,7%).
12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер, жүкті әйелдер мен емізулі баласы бар әйелдерге (Pfizer) Пфайзер вакцинасын егу бойынша берілген жоспар 8 957, екпе алғандар саны - 2837 адам немесе 31,6% (облыс 10,8%).
Аудандағы 38 білім беру мекемесінің 25-і типтік, 13-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан (27 орта, 10 бастауыш, 1 негізгі мектеп).
Жоспарланған 3 мектеп дабыл қаққыш жүйесіне және мамандандырылған күзет қызметіне қосылды (№1, Ю.Гагарин, Б.Момышұлы о/м).
Барлық мектептерге ішкі әжетханалар, интернет желісі, камералар орнатылған.
6 мектеп күрделі жөндеуден өткізілді (686,5 млн.). Оның ішінде «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасымен Айшабибі, Макаренко, Жасөркен, Амангелді орта мектептері (359,5 млн.) және облыстық бюджет есебінен Ысмайылұлы, Тайшапов мектептері (327 млн.).
Ауданда 1-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 96,1%-ды құраса, 3-6 жас аралығындағы көрсеткіші 100% болды. 26 балабақша, 20 мектеп базасындағы шағын орталықтарда 4 306 бала тәрбиеленуде.
Жомарт түлек жобасымен жоспарлаған 35 жобаның, 33-і іске асырылды, 2-уі өтпелі (120,3 млн.).
Мейірім жобасымен жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған 43 балаға (2,4 млн.) демеушілер есебінен қолдау білдірілді (жалпы 134 бала).
Аудан халқына 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 15 ауылдық клуб, 29 кітапхана қызмет көрсетуде.
Есепті жылы аудан көлемінде 626 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 48 811 адам қатысты.
Қаракемер ауылындағы клуб ғимаратының аумағы қоршалды (6,9 млн.).
Аудандағы кітап қоры 223 мың 267 дананы құрайды. Оның ішінде, мемлекеттік тілдегісі 145 мың 030 дана немесе 64,9%. 2021 жылға кітап қорын ұлғайту үшін 1,5 млн. теңге қаралды.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасымен 18 кітапханадағы цифрландырылған ақпараттық орталық елге қызмет көрсетуде (29-дың 18-де, 62,1%). Гродиково ауылынан «Сoworking» орталығы ашылды.
Жалпы ауданда 41 шағын футбол, 21 балалар ойын алаңы, 16 жаттығу алаңшасы бар. 2021 жылы 2 шағын футбол (Жұма, Ақбұлым), 4 балалар ойын алаңы (Пригородное, Жасөркен, Ақбұлым Шайқорық ст.) 1 жаттығу алаңшасы орнатылып (Ақбұлым), 6 шағын футбол алаңына жасанды төсем төселді (Аса, Пригородное, Бесағаш, Гродиково, Жасөркен, Ащыбұлақ).
Аудан бойынша 29 800 адам немесе 35,0%-ы спортпен тұрақты айналысады. Аудандағы 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан (14 675 адам) спорт мектептері (1 766 адам) мен аула клубтарында (145 адам) дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың үлесі 13,1%-ды құрайды.
Аудандағы жастар саны 19 958 адамға жетіп, жалпы халық санының 23,1%-ын құрап отыр. Оның ішінде 5 138 жас білімгер болса, 2020-2021 жылғы оқу жылындағы аудандағы орта мектептердегі 14-18 жас аралығындағы жастар саны 6 548 құрайды. Тіркелген жұмыссыз жастар саны – 482 адам. Жұмысқа орналасқандар саны 1 757 адам, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқан 686 жас, әлеуметтік жұмыс орындарына 12 жас, ақылы қоғамдық жұмыстарға орналасқан 356 жас, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 177 жас жолданды, кәсіби оқудан өткен 110 жас, кәсіпкерлік негіздерінен өткен 107 жас, 51 жас шағын несие алды, грантқа 258 жас ие болды.
2021 жылы аудан көлемінде жалпы 251 қылмыстық істер тіркеліп (2020 жылы– 227), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,6%-ға өскен.
Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 2021 жылы аудан көлемінде 23 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 21 адам қаза тапты, 17 адам дене жарақатын алды. 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны өспеген, жарақат алғандар саны 51,4%-ға азайғанымен, қаза тапқандар саны 40,0%-ға өскен (2020 жылы 23 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 15 адам қаза тауып, 35 адам әр түрлі дене жарақатын алған).