Жамбыл ауданы бойынша ауылдық округ әкімдері есебінің тезистері
Аса ауылдық округі
Аумақта екі елді мекен орналасқан. Округтің барлық жер көлемі – 7481 гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары – 3643,5 гектар, елді мекендер жері – 2126 гектар.
Әкім аппараты есепті мерзімде 126 шешім, 487 өкім қабылдады. Жоғарғы органдардан 758 құжат түсіп, 1148 шығыс құжаты рәсімделді.
Есепті жылы бюджеттік бағдарламаларының міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарының жыл басындағы бекітілген сомасы 84527,0 мың теңгені құрады. Жыл ішінде округ бюджетіне 6 мәрте өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, нақтыланған бюджет сомасы 125659,0 мың теңгеге жетті.
Ауылдық округ бюджетінің өзіндік кірісінің жоспары жыл басында 17506,0 мың теңгеге жоспарланып, жыл соңындағы жоспары 28847,0 мың теңгеге көтерілді. Салықтық түсімдердің нақты орындалуы 37147,1 мың теңгені құрады. Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз етуге 38117,0 мың теңге жоспарланды.
«Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 13707,0 мың теңге көше жарықтандыру нысандарының коммуналдық ақысына жұмсалса, 1314,9 мың теңгеге Аса ауылы Төле би көшесіндегі аудандық полиция бөлімінің жанындағы автотұраққа жарықшамдар орнатылды. 4840,5 мың теңгеге көше жарықтандыру нысандары мен трансформаторлар жөнделіп, техникалық күтім қызметі көрсетілді.
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 4400,0 мың теңгеге спутниктен анықталған кездейсоқ қоқыс орындары, яғни бұрынғы тұрмыстық қатты қалдықтар орны жайластырылды.
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы бойынша 815 мың теңгеге әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді. 600,0 мың теңгеге көше атаулары бейнеленген аншлагтар әзірленіп орнатылды. 1400,0 мың теңгеге банерлер әзірленді. 264,0 мың теңгеге Аса ауылы Ш.Қалдаяқов көшесіндегі кіші футбол алаңының қоршауы биіктетілді, 3470,0 мың теңгеге жасанды төсемі ауыстырылды. 7952,0 мың теңгеге Абай көшесінің қоршаулары ауыстырылды. 6970,0 мың теңгеге аудандық полиция бөлімінің ғимараты ағымды жөнделді.
Аталған жобалар қоғамдастық мүшелерінің жалпы жиынында талқыланып, мақұлданған. Мердігерлер ашық конкурс тәсілімен анықталды.
Атаулы әлеуметтік көмек 217 отбасына (1174 адам) тағайындалды. Төлем сомасы 41587,8 теңгені құрады. Сондай-ақ, тұрғын үй көмегі 18 отбасына тағайындалды. Ал, үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балалар саны – 23. Бөлінген қаржы – 1 млн 95 мың теңге.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде 44 жеке кәсіпкер 181 млн 693 мың теңге несие алды.
Жастар тәжірибесіне 62 азамат, ақылы қоғамдық жұмысқа 474 азамат, әлеуметтік жұмыс орындарына 23 азамат, тұрақты жұмысқа 487 азамат тартылды, кәсіптік оқудан 121 азамат өтіп, 162 азамат жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алды. 28 азамат қосымша жұмыс орындарын ашты. 158 азамат бастау-бизнес курсын оқыды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 33 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Округтегі экономикалық белсенді азаматтар саны – 5641.
Округтің жер көлемі – 7481 га, оның ішінде егістік – 2691 га, суармалы – 1764 га, суарылмайтын – 927 га, жайылымдық – 2044 га, өзге жерлер – 524 га.
Есепті жылы 2816 гектар жерге егін егіліп, 30914 тонна өнім жиналды. Оның ішінде 100 гектар бидайдан 180 тонна, 880 гектар арпадан 1320 тонна, 70 гектар дәндік жүгеріден 401 тонна, 401 гектар көкөністен 19100 тонна, 10 гектар қызылшадан 303 тонна, 38 гектар картоптан 649 тонна, 87 гектар бақшадан 2521 тонна өнім алынды, 6440 тонна мал азығы жиналды.
Тамшылатып суару технологиясымен 383 гектар көкөніс дақылдары егілді. Оның ішінде пияз – 340 га, картоп – 38 га, бақша – 5 га. Жаңбырлатып суару технологиясымен 122 гектар дақыл егілді. Оның ішінде жоңышқа – 92 га, жүгері – 10 га, арпа – 20 га.
Үстіміздегі жылы осы әдісті қолдану арқылы көкөніс көлемін 500 гектарға ұлғайту көзделген.
«Карибаев Д» шаруа қожалығы 2021 жылы құны 77 млн теңгеге ұңғымалы құдық қаздырып, егістік жеріне тамшылатып суару жүйесін енгізді.
Округте барлығы 2656 бас мүйізді ірі қара, 11865 бас қой-ешкі, 1784 бас жылқы, 2413 үй құсы тіркелген.
«Trade-in» ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жобасы аясында «Берікқожа» шаруа қожалығы «LOVOL-904» тракторын, «Дүлдүл-2» шаруа қожалығы «LOVOL-904» және «Белорусь» тракторларын алды. Сондай-ақ 3 тіркеме, 2 агрегат алынды.
Жамбыл ауданы әкімі мен Аса ауылдық округінің әкімі арасындағы 2021 жылға арналған негізгі индикаторлық көрсеткіштер толығымен орындалды.
Айшабибі ауылдық округі
Округте 3 елді мекен бар – Айшабибі, Қаратау, Әулиекөл ауылдары.
Округ бойынша 1091 аулада 5422 адам тұрады. Оның ішінде Айшабибі ауылында 934 аулада 4571 адам, Қаратау ауылында 101 аулада 711 адам, Әулиекөл ауылында 36 аулада 140 адам тұрады.
Округте 3 мектеп бар. Айшабибі орта мектебінде 114 мұғалім 1088 оқушыға білім берсе, Т.Рысқұлов орта мектебінде 141 оқушы, №5 бастауыш мектебінде 30 оқушы білім алуда. «Қарлығаш» бөбекжайында 140 бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар, Айшабибі амбулаториясы, Қаратау ауылдық медициналық пункті, Айшабибі ауылдық Мәдениет үйі жұмыс істейді.
2021 жылы ауыл әкімі 32 қабылдау жүргізді. Жеке тұлғалардан 72, заңды тұлғалардан 3 өтініш тіркелді. Түскен өтініштерге заң шеңберінде мерзімінде жауаптары берілді.
Округ бойынша 448 зейнеткер, 1 ҰОС ардагері, 7 интернационалист жауынгер бар.
Жыл басынан бері ауыл тұрғындарының қатысуымен 37 кездесу өткізілді.
Мәдени көпшілік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Жер және мүлік салықтары жоспарға сәйкес орындалды.
Көктемгі-күзгі мерзімдік әскер қатарына шақыру жұмыстары ұйымшылдықпен жүргізілді.
Мекемелердің қысқа дайындығы сапалы ұйымдастырылды.
Айшабибі ауылынан 382 жер телімін өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін берілетін жер телімдеріне инфрақұрылым жасалып, жер телімдерін беру үшін аудандық жер қатынастары бөліміне кезекте тұрған 382 азаматтың өтініштері жолданды, жер комиссиясының қорытындысы бойынша жер телімдері беріледі.
2021 жылға барлығы 101 млн 513 мың теңге бөлінді. Айшабибі ауылы Жібек жолы көшесінің бойына жаяу жүргіншілерге 27 млн 157 мың теңгеге «Ая-Сервис» ЖШС келісімшарт бойынша тротуар салды.
Қошан Бүрлібаев көшесіне 4 млн 157 мың теңгеге «Тараз көлік жолы» ЖШС орта жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Қаратау ауылы Асабайұлы Арын көшесіне 3 млн 685 мың теңгеге электр желісі тартылды.
Қауіпсіздікті сақтау, оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында Айшабибі ауылындағы 8 трансформаторға 6 млн 75 мың теңгеге қоршау орнатылды. Трансформаторларға техникалық қызмет көрсету үшін 732 мың теңге жұмсалды.
Жібек жолы көшесінің түнгі жарықтандыру жүйесіне техникалық қызмет көрсету үшін 1 млн 346 мың теңге, Әулиекөл ауылына түнгі жарықтандыруға 1 млн 400 мың теңге, ауылдық округтің коммуналдық шығынына 7 млн 100 мың теңге жұмсалды.
Ақбастау ауылдық округі
Округте Бірлесу-Еңбек, Шоқай елді мекендері орналасқан. 377 аула, 2125 адам бар.
Бірлесу-Еңбек орта мектебінде 40 мұғалім жұмыс атқарады, 299 оқушы білім алуда. Шағын орталықта 25 бала тәрбиеленуде.
№3 орта мектепте 40 мұғалім 224 оқушыға білім беруде, шағын орталыққа 25 бала барады.
Округтің жалпы жер көлемі – 9355 гектар. Оның ішінде елді мекендердегі жер көлемі – 952 гектар, 3715 гектары – егістік, 1863 гектары – жайылым, 436,93 гектары шабындық жерлер. Аумақта 103 шаруа қожалығы бар. 2021 жылы 810 гектарға арпа, 100 гектарға күздік бидай, 140 гектарға картоп, 60 гектарға мақсары, 100 гектарға жүгері, 200 гектарға қант қызылшасы егілді.
Тамшылатып суару технологиясы бойынша 6 шаруа қожалығы жұмыс істейді. 11 шаруа қожалығы мал және егін шаруашылығымен айналысса, 92 шаруа қожалығы тек егін баптауды қолға алған.
Округте 1996 бас мүйізді ірі қара, 8560 бас қой-ешкі, 3269 бас жылқы, 3440 үй құсы бар.
2021 жылы жеке тұлғалардан 13 өтініш тіркелді. Түскен өтініштерге заң шеңберінде мерзімінде жауаптары берілді.
Көктемгі-күзгі мерзімдік әскер қатарына шақыру жұмыстары жүйелі ұйымдастырылды. Әскерге шақыруға берілген жасақ 8 болса, орындалғаны – 9.
Ауылдық округтегі мекемелер қысқы жылыту маусымына тыңғылықты дайындалды.
Бірлесу-Еңбек ауылынан 130 жер телімін өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін берілетін жер телімдеріне инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп, жер телімдерін беру үшін аудандық жер қатынастары бөліміне кезекте тұрған 130 азаматтың өтініштері жолданды, жер комиссиясының қорытындысы бойынша жер телімдері берілетін болады.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында округте несие алғандар – 12 адам, грант (200 АЕК) алғандар – 20 адам, жастар практикасы арқылы 7 адам жұмыс жасады. Ақылы қоғамдық жұмыс жасағандар саны – 27 адам. Округте 101 тұрақты жұмыс орындары ашылды.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға жыл басынан 6 өтініш қабылданып, 5 отбасыға тағайындалды. Жыл ішінде 4 өтініш иесі 200 АЕК қайтарымсыз грант алып, жыл соңында тек 1 отбасы ғана атаулы әлеуметтік көмек алды.
2021 жылы ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету мақсатында бөлінген 126 млн 194 мың теңге толық игерілді.
3 млн 70 мың теңгеге каналдар тазаланды, 5 млн теңгеге зираттар, каналдар, жарықтандыру құжаттары рәсімделді.
10 млн 906 мың теңгеге Бірлесу-Еңбек ауылы Жапарбеков көшесі жарықтандырылды.
2 млн 550 мың теңге елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге, қатты қалдықтарды тазалауға жұмсалды.
720 мың теңге елді мекендерді аббаттандыру және көгалдандыру, көрнекі ақпарат құралдарын шығаруға бөлінді.
11млн 279 мың теңгеге Бірлесу-Еңбек ауылы Жапарбеков көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жалпы жергілікті салықтар бойынша 3 млн 80 мың теңге жоспарланып, ол артығымен жиналып, 3 млн 458 мың теңгені құрады.
Ақбұлым ауылдық округі
Округ аумағында барлық жер көлемі – 2200 гектар. Суармалы жері – 613 гектар. 193 шаруа қожалығы тіркелген, 513 жұмысшы бар. 69 шаруа қожалығы 150 гектар алма бағын өсірумен айналысады.
2021 жылы азаматтардан барлығы 74 өтініш түскен. Өтініштерге заң шеңберінде жауаптар берілді.
Халық саны – 4022 адам. Жұмысқа белсенділері – 2015, зейнеткерлер – 335, оқушылар – 926, оқуға дейінгі балалар – 107. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 21 оқушы қатысып, орташа балы 95 пайызды құрады. «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлері өз білімдерін дәлелдеп шықты.
Ауылда 1 мемлекеттік, 2 жекеменшік бөбекжай бар. Оның ішінде «Балауса» бөбекжайында 4 топта 116, «Зерде» бөбекжайында 2 топта 50 бүлдіршін, «Шаңырақ» бөбекжайында 2 топта 44 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Аз қамтылған 58 отбасы, 319 адам мемлекеттік жәрдемақы алды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының ІІ бағыты бойынша кәсібін ашуға 5 азамат мемлекет тарапынан 14 млн 100 мың теңге қаражат алып, 15 тұрғын мемлекеттік қайтарымсыз 583 мың теңге грантқа ие болып, мал басын көбейтумен айналысуда.
Ауылішілік ауызсу жүйелерін жүргізу үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 717,0 млн теңге бөлініп, мердігер «Арайстроймаркет-2003» ЖШС тиісті жұмыстарды жүргізді. Енді тұрғындар үйлеріне су құбырларын өздері жүргізуі қажет.
К.Органов, Абай, Достық, Арғымақ көшелері орташа жөнделді.
Түркістан көшесін жөндеуге 6949 мың теңге жұмсалды.
Әкімшілік ғимараты ағымды жөндеуден өткізілді.
Балалар ойын алаңын орнатуға 2628 мың теңге, шағын футбол алаңын салуға 7173 мың теңге, «Street workut» алаңшасын жасауға 3100 мың теңге жұмсалды.
Бесағаш ауылдық округі
Округ аумағында Бесағаш және Түрксіб елді мекендері орналасқан.
Ауылдық округте 7241 адам тұрады. 132 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері бар.
Халықты әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру шаралары бойынша округтегі халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық пен кедейшілікті төмендету мақсатында бірқатар жұмыс жалғасын табуда.
Көпбалалы отбасыларына берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген азаматтар мемлекет тарапынан тиісті жәрдемақыларды алды.
Атап айтқанда, 2021 жылы 115 отбасындағы 638 адамға 28 млн 633 мың 850 теңге жәрдемақы тағайындалды.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 25 азамат алынып, 59 азамат уақытша жұмыс орындарына, 92 азамат тұрақты жұмысқа, «Жастар тәжірибесі» бойынша 2 жас маман жұмысқа орналасты.
Ауылдық округтің бюджеті 76 млн 897 мың теңгені құрады. Оның ішінде салықтық түсімдер – 8 млн 173 мың теңге, мемлекеттік мүлікті жалға беруден – 270 мың теңге, трансферттер түсімі – 68 млн 454 мың теңге.
Ауылдық округте 3038 мүйізді ірі қара, 1901 жылқы, 10126 қой-ешкі және 3985 үй құсы тіркелді.
2021 жылы жалпы егіс көлемі 2185 гектарды құрады. 109 шаруа қожалығы егін және мал шаруашылығымен айналысуда.
Аумақта 15 келушіге арналған «Бесағаш» және «Түрксіб» дәрігерлік амбулаториясында барлығы 29 азамат халыққа қызмет көрсетуде.
2021 жылы Бесағаш ауылында 84 сәби, Түрксіб ауылында 72 сәби дүниеге есігін ашқан.
Бүгінгі таңда ауылдық округ бойынша халық саны – 6820 адам, оның ішінде 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 1486.
Түрксіб ауылындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 6 түрінен 640 жасөспірім шұғылданады.
2021 жылы 7 қылмыс тіркеліп, 3-еуі ашылды, 4 қылмыс бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Округ әкімінің аппаратына мемлекет тарапынан 2021 жылға бөлінген қаражаттар толығымен игерілді.
Бесағаш ауылының Бекеев, Жандосов көшелері және Түрксіб ауылының Желтоқсан, Қарамолда, Ынтымақ, Рүстемов көшелеріне 13 млн 84 мың теңге бөлініп, темір-бетон бағаналар қойылып, сымдар тартылды.
Түрксіб ауылының Қарамолда көшесіне 2 млн 221 мың теңгеге жарықтандыру жұмысы, Бесағаш, Түрксіб елді мекендерде 1 млн 451 мың теңгеге кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Бесағаш ауылының футбол алаңына 3 млн 897 мың теңгеге жасанды газон төселді.
«Арал» саяжайын ауылдық округке қосу мақсатында құжаттарын заңдастыруға 1 млн 200 мың теңге, Бесағаш ауыл ішіндегі дренаждардың құжаттарын заңдастыруға 1 млн 660 мың теңге бөлініп, жерге орналастыру жобасы дайындалды.
Гродиково ауылдық округі
Округте 2 елді мекен бар. Аула саны – 1284, тұрғындар саны – 6941.
Аумақта 2 мектеп, кітапхана, балалар кітапханасы, 2 дәрігерлік амбулатория, 2 шаштараз, 9 жанар-жағармай стансасы, мәдени орталық, пошта, халыққа қызмет көрсету орталығының филиалы, наубайхана, 11 дүкен, дәмхана бар.
Ауылдық округ бойынша 160 шаруа қожалығы, оның ішінде мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысатын 10 ірі шаруа қожалығы бар.
2021 жылы «Тимофеев» шаруа қожалығы 340 тонна сүт өнімін, «Рыжибаев» жеке кәсіпкерлігі 58,3 тонна шұжық өнімін өндірді.
Округте 4075 бас ірі қара, 298 жылқы, 9284 бас қой-ешкі, 2065 шошқа, 5420 үй құстары тіркелді.
Егістік жер көлемі – 8583 гектар, шабындық – 363 гектар, жайылымдық – 17388 гектар. Бидай – 480 га, арпа – 1900 га, картоп – 55 га, көкөніс бақша дақылдары – 1994 га, жүгері – 250 га, сүрлемдік жүгері – 170 га, майлы дақылдар – 850,2 га және мал азықтық дақылдар 2338 га жерге егілген.
Округте әлеуметтік дүкен ашылды.
Тұрғындардың сұраныстарына сәйкес 5 көшеге, орталық көшенің жаяу жүргіншілерге арналған жолға, 3 көшеге ауызсу жүйесін тартуға, көше жарығы, спорт кешенінің құрылысының сметалық құжаттары дайындалып, «Ауыл – ел бесігі» жобасына енгізілген. Сонымен қатар 2021 жылға жоспарға енгізіліп, аталмыш жоба аясында қазіргі уақытта тротуар салу жұмыстары аяқталды.
3 көшеге «Байл Элит строй» ЖШС ауызсу тартуды мерзімінде аяқтады, жобаның құны – 11148698,74 теңге.
Ауылдық округ бойынша «Жомарт түлек – 2021» жобасы аясында «Тимофеев» ШҚ-ның төрағасы А.Тимофеевтің демеушілігімен «Street workout» спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Жоба аясында демеушілер қаражатына «Нұр-Ақ» мешітінің жылу жүйесі жаңартылды.
Аудандық мәслихат депутаты Берік Дүйсебаевтың демеушілігімен Ақжол көшесінің қиылысындағы үш тұрғын үйге ауызсу тартылды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 8 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтті, 2 азамат шағын несие, 5 азамат 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мемлекеттік грант алды. Кәсіпкерлік негіздерін оқығандар – 5 азамат. Әлеуметтік жұмыс орындарына 4 азамат, қоғамдық жұмысқа 55 азамат, тұрақты жұмыс орындарына 117 азамат орналасты.
Гродеково ауылында орта мектеп және Қызылдихан ауылында бастауыш мектеп орналасқан.
Ауылдық округте 15 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетеді.
Ерназар ауылдық округі
Ауылдық округте 296 аула, 1643 адам тұрады. Мектеп, бөбекжай, дәрігерлік амбулатория, ауылдық клуб, кітапхана, пошта, 3 дүкен, 75 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Қазіргі таңда мектепте 48 мұғалім 280 оқушыға дәріс береді. Бөбекжайда 11 педагог 52 баланы тәрбиелеуде.
2021 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 19 отбасына, 108 адамға 4 млн 838 мың 475 теңге жәрдемақы тағайындалды.
2021 жылға арналған аудандық бюджеттен 9 млн 23 мың теңге бөлінді. Орта мектеп пен ауылдық клубқа кіреберіс жолды ағымды жөндеуге 3 млн 452 мың теңге, тал егуге 290 мың теңге, Ерназар ауылына КҚГҚ-ның табиғи ошақтарына көктем-күз мезгілінде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарына 1 млн 451 мың теңге, елді мекеннің кіреберіс және шығаберісіне орнатылған бейнебақылау камераларына демонтаж жасатуға 1 млн 220 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Ерназар ауылының үш көшесін орта жөндеуден өткізуге арналған жобаларды қосымша қаржыландыруға республикалық бюджеттен Абай көшесіне 20 млн 10 мың 800 теңге, Қошмамбетов көшесіне 17 млн 759 мың 800 теңге, Ақшуақ-ана көшесіне 14 млн 709 мың 200 теңге бөлініп, жұмыстар толық атқарылды.
Ауылда қазіргі таңда газ құбырын тарту жұмыстары аяқталды. Газ құбырына бөлінген қаражат – 167 млн 401 мың теңге. Құрылыс 4 айға жоспарланған. Аула саны – 286. Газ құбырының ұзындығы – 17,420 км.
Алдағы уақытта Шынтас Тілебаев, Өмірзақ Бегімханов, Әбдіхайым көшелерінің жартысына құм мен қиыршық тас, Қырбасов Поштабай көшесіне тас жол төсеу, Әбдіхайым көшесіне тротуар салу, орталықтағы стадионды жөндеу, шағын футбол алаңына жасанды жабын төсеу, ағын суды тиімді пайдалану және гидроқұрылымдардың техникалық жағдайын жақсарту мақсатында ұзындығы 19,4 шқ құрайтын Базарбай және 15,2 шқ Шиелі каналына ағын суды Сұлукөл арқылы әкелу жұмыстары жоспарланып отыр.
Округтегі жалпы жер көлемі – 36640 гектар. Оның ішінде әкімшіліктің жері – 2110 гектар, шаруа қожалықтардың жері – 24211 гектар. Қазіргі уақытта егістік жердің көлемі – 3164 гектар, суармалы – 1130 гектар, шабындық – 1628 гектар, жайылым 24211 гектарды құрайды. 75 шаруа қожалығы тіркелген. Оның 16-сы мал шаруашылығымен, қалғаны егіншілікпен айналысады.
Округте 1809 бас мүйізді ірі қара, 18613 қой-ешкі, 921 жылқы, 2580 әртүрлі құстар және 71 түйе тіркелген.
Биыл 50 гектар жүгері, 735 гектар арпа, 50 гектар мақсары егілді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты бойынша 1 азамат 4 млн теңге, 1 азамат 3,5 млн теңге несие алып, мал өсірумен айналысуда.
Ауылдық округте 10 жұмыссыз азамат 583 мың теңгеден қайтарымсыз грант алып, мал алып, өз жұмыстарын жүргізіп отыр. Қоғамдық жұмысқа 36 адам тартылды.
Әкімшілік аппаратында 2021 жылға 14 шешім, 144 өкім шығарылып, жеке тұлғалардан 13 өтініш тіркеліп, өтініштері толық қанағаттандырылды. 10 азамат әскер қатарына жіберілді.
Жамбыл ауылдық округі
Округте 1355 аулада 7225 адам тұрады.
Ауылдық округ әкімі аппаратында жыл басынан нормативтік-құқықтық акт бойынша 153 өкім, 85 шешім қабылданды. Әкімнің және әкім орынбасарының жеке қабылдауында 16 азамат болып, оларға заң талаптарына сай кеңестер мен жауаптар берілді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге 15 өтініш түсіп, мерзімдеріне сай жауаптар қайтарылды. Округ тұрғындарымен 11 рет жиналыс ұйымдастырылып, хаттамаланды. Әскер қатарына 13 азамат жіберілді.
Округке қарасты Шайқорық, Танта, Бесжылдық, Қапал, Қоңыртөбе ауылдары және Шайқорық стансасы газбен толық қамтылған. Таза ауызсу жүйесін тарту жұмыстары 100%-ға аяқталды.
Шәкен Ниязбеков (бұрынғы Бесжылдық) ауылынан өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін тұрғын үйге 97 жер учаскесін тарату мақсатында көлемі 32,2 гектар алқапқа инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым құрылыстары жүргізіліп, газбен жабдықталды. Жалпы сметалық құны 68303,6 мың теңгені құрады. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың 21 мамырында басталып, 21 қыркүйегінде тиісті сала басшылары мен мамандардың қатысуымен тексеруден өтіп, нысан пайдалануға қабылданды.
5 елді мекеннің оңтайландырылған бас жоспары жасалған. Шайқорық ауылының бас жоспарына өзгерістер енгізіліп, берілетін жер учаскелеріндегі шаруа қожалық басшыларымен қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде. Алдағы уақытта жер телімдері кезең-кезеңімен берілетін болады.
Ә.Ысмайылұлы атындағы орта мектептің апатты жағдайдағы акт залы, асханасы және спорт залы күрделі жөндеуден өтті.
Округте жалпы 47 көше бар, оның 35-і бүгінгі күнге асфальттанған болса, 5-еуі жарықтандырылған. Қалған көшелерді асфальттау бойынша жобалық-сметалық құжаты дайын.
2021 жылы Шайқорық ауылының Телеу көшесін жөндеуге 11 млн 141 мың теңге қаржы бөлініп, асфальт жол салынды.
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бойынша Шайқорық ауылы Ынтымақ көшесіне электр желісін тартуға 7 млн 238 мың теңге, Телеу көшесіне 6 млн 841 мың теңге, Желтоқсан көшесіне 8 млн 102 мың теңге, Д.Қонаев көшесіне 9 млн 376 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Қапал ауылына электр желісінің қуаттылығы аздығына байланысты трансформатор сатып алуға 1 млн 300 мың теңге, көше жарықтарына қызмет көрстеуге 1 млн 558 мың теңге, округ аумағында орналасқан таза ауызсу мұнараларына сорап сатып алу, орнату жұмыстарына 2 млн теңге, коммуналдық қызметтерге 10 млн 648 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.
Шайқорық және Танта ауылының кіреберістеріне бейнебақылау орнату үшін 3 млн 585 мың теңге, Шайқорық стансасы және Қоңыртөбе ауылы маңындағы жалпы ұзындығы 6,6 км құрайтын дренажды тазалауға 13 млн 672 мың теңге қаражат бөлініп, конкурс жеңімпазы «Строй-Объект» ЖШС тазалау жұмыстарын жүргізді.
Әкімдік ғимаратының алдындағы жасыл желекті қоршауға 1 млн 265 мың теңге, Шайқорық стансасы, Аққайнар көшесі маңына балалар ойын алаңын салуға 1 млн 268 мың теңге, округ аумағын қауіпті зиянкестерден тазалауға 1 млн 445 мың теңге, Қапал ауылына кіреберіс жерде орналасқан футбол алаңына жасанды төсеніш төсеуге 3 млн 400 мың теңге және мал жайылымына көлемі 193,1724 гектар жер учаскесін заңдастыру үшін 480 мың теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 41 млн 710 мың теңгеге 10 шаруа қожалығы 4%-бен несие алып, шаруашылығын дамытуда. Лизингтік жеңілдетілген жүйе бойынша «Искандеров М» шаруа қожалығы құны 8 млн 650 мың теңге «Беларусь-892» маркалы техникасын және «Жанболат» шаруа қожалығы құны 9 млн 300 мың теңге тұратын «Беларусь-952,2» маркалы техникасын алған. Округ бойынша 12 азамат әртүрлі бағытта, оның ішінде мал шаруашылығы, ағаштан көмір жасау және шырын сусынын шығаратын құрылғысы үшін несие алған. Жаңа кәсіпкерлік негіздерін ашып бастауға 111 азамат 583 мың 600 теңге көлемінде жалпы құны 64 млн 779 мың 600 теңге қайтарымсыз несие алған.
Округ аумағындағы тұрмыс жағдайы төмен азаматтардың, мүгедектердің, көпбалалы отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны алу бойынша алдын ала түсіндіру жиындары өткізіліп, нәтижесінде 2021 жылға 190 өтініш қабылданды. Көмек 162 отбасындағы 906 адамға тағайындалды.
2021 жылға салық түсімдерінің жоспары – 11 млн 93 мың 300 теңге, орындалғаны – 11 млн 199 мың 31 теңге. Оның ішінде мүлік салығынан орындалғаны – 896 мың 629 теңге, көлік салығы – 10 млн 302 мың 402 теңге. Жалпы алғанда салық жинау жоспары артығымен орындалды.
Ауылдық округте 4 мешіт, 1 намазхана жұмыс атқарады. Барлық мешіт пен намазхана тұрақты жұмыс істеуде. Бейнебақылау камералары орнатылған, жылумен қамтамасыз етілген.
Ауылдық округтің жалпы жер көлемі – 9780 гектар. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 7488,53 гектар. Оның ішінде, егістік жер – 3864 гектар, көп жылдық екпелер – 523,35 гектар, жайылымдық жер – 3560,86 гектар, оның ішінде – 933,2 гектар ауылдық округтің теңгеріміндегі жайылымдық жер, шабындық 160 гектарды құрайды.
Округ бойынша 215 шаруа қожалығы тіркелген. Оның ішінде 199-ы егіншілікпен айналысса, қалған 16-сы мал шаруашылығына ден қойған.
Округте 1 астық жинайтын комбайн, 15 Камаз жүк көлігі, 18 ЗИЛ, 6 ГАЗ-53 жүк көлігі, 24 трактор және басқа ауыл шаруашылығы техникалары бар.
Тұрғындар 4026 бас мүйізді ірі қара, 1134 бас жылқы, 6565 құс және 14908 бас уақ мал ұстап отыр.
Көлқайнар ауылдық округі
Ауылдық округтегі 5 елді мекенде 3118 адам тұрады.
Аумақта 3 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп бар. Ә.Тарази атындағы тірек мектебінде 45 мұғалім 265 оқушыны білім нәрімен сусындатса, Еңбек орта мектебінде 156 оқушы, Жамбыл атындағы орта мектепте 213 оқушы, Қостөбе бастауыш мектебінде 58 оқушы білім алуда. Ауылдық округте Тастөбе фельдшерлік пункті, Еңбек, Қостөбе, Жамбыл ауылдарында медициналық пункттер, Тастөбе және Еңбекте ауылдық клубтар жұмыс істейді.
2021 жылы әкім аппаратында 6 жеке қабылдау жүргізілді, жеке тұлғалардан 60, заңды тұлғалардан 3 өтініш тіркеліп, өтініштерге заң шеңберінде мерзімінде жауаптары берілді.
Жыл басынан бері ауыл тұрғындарының қатысуымен 25 кездесу өткізілді.
Жер және мүлік салықтары жоспарға сәйкес орындалды.
Көктемгі-күзгі мерзімдік әскер қатарына шақыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді.
Тастөбе ауылынан өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 81 жер теліміне инфрақұрылым жүргізіліп, берілді.
Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі 2021 жылдың жоспарында бекітілген 62666,0 мың теңге толық игерілді.
Әкімшілік ғимаратының жылу жүйесін ағымды жөндеуге 2 млн 577 мың теңге, Еңбек ауылының Қапал көшесін жарықтандыруға 4 млн 850 мың теңге, Тасқазған каналының және ұңғымалардың құжаттарын рәсімдеуге 1 млн 458 мың теңге, жарық орнатылған көшелердің электр энергиясына техникалық қызмет көрсетуге 1 млн 310 мың теңге және ақы төлеуге 1 млн 672 теңге қаралып, толығымен игерілді.
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 2 млн 750 мың теңге, Тастөбе ауылының кіреберіс жасыл желектерін қоршауға 1 млн 269 мың теңге, елді мекендердегі көрнекі ақпарат құралдарын, баннерлер мен билбордтар жасатуға 694 мың теңге қаражат қаралып, толығымен игерілді.
Елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша электр жарығына 3016 мың теңге және сораптарын алып орнатуға 1 млн теңге қаралған. Тастөбе ауылының кіреберіс және шығаберісіне орнатылған бейнебақылау камераларын Жамбыл облыстық ІІД-не қосу үшін 1 млн 105 мың теңге және лицензия алуға 258 мың теңге қаралып, толығымен игерілді.
Қаракемер ауылдық округі
Округ Қаракемер, Құмтиын, Сеңгірбай ауылдарынан тұрады.
Елді мекендерде 446 аула, 2736 тұрғын бар. Жалпы жер көлемі – 52025 гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 27206 га, егістік жер – 2060 га, жайылымдық жер – 25111 га.
Округте 2 мектеп бар. Төле би орта мектебінде 48 мұғалім 298 оқушыны, №2 орта мектебінде 29 мұғалім 114 оқушыны біліммен сусындатуда. «Жұлдыз» бөбекжайында 44 бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар, Қаракемер амбулаториясы, Құмтиын фельдшерлік пункті және Қаракемер ауылдық клубы жұмыс істейді.
2021 жылы әкім аппаратында 50 қабылдау жүргізілді, жеке тұлғалардан 39 өтініш қабылданды. Түскен өтініштерге заң шеңберінде мерзімінде жауаптары берілді.
Округ бойынша 229 зейнеткер, 1 интернационалист жауынгер бар.
Жыл басынан бері ауыл тұрғындарының қатысуымен 31 кездесу өткізілді. Мәдени-көпшілік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер телімін алуға кезекке барлығы 138 адам тіркелді.
Ауылдық округ бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны – 21. Оның ішінде шартты ақшалай көмек 19 отбасыға, шартсыз ақшалай көмек 2 отбасыға тағайындалды.
Кедейшілік пен жұмыссыздықты жою мақсатында округ аумағындағы қоғамдық, маусымдық жұмыстарға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде ресми тіркелген 6 азамат жұмысқа тартылып, тиісті жалақылары төленді.
Ауылдық округте 110 шаруа қожалығы тіркелген. «Денвер» ЖШС 2021 жылы 90 гектар жерге қант қызылшасын егіп, мол өнім алды. Сонымен қатар, күздік бидай 300 га жерге, жаздық арпа 1000 га жерге, жүгері 50 га жерге, мақсары 15 га жерге және бақша дақылдары 65 га жерге егілді. 4518 тонна жоңышқа, 2341 тонна табиғи шөп дайындалды. Округте 42483 қой-ешкі, 2781 ірі қара, 1661 жылқы малы бар.
2021 жылға бюджеттің кіріс бөлігін орындау бойынша ауылдық округте 578 отбасы салық төлеуші болып табылады.
2021 жылы жеке табыс салығы бойынша жоспар 1 263 мың теңге, орындалғаны – 1 456 мың теңге. Мүлік салығы бойынша жоспар – 29,0 мың теңге, орындалғаны – 33,9 мың теңге. Жер салығы бойынша жоспар – 284,0 мың теңге, орындалғаны – 294,0 мың теңге.
Қарасу ауылдық округі
Округ аумағында Ащыбұлақ және Шайдана елді мекендері мен «Көделі», «Мойынқұм» мал жайылымдары орналасқан.
Сондай-ақ, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да әлеуметтік нысандар ауыл тұрғындарына үздіксіз қызмет көрсетуде.
Округте барлығы 2074 адам тұрады, аула саны – 345, зейнеткерлер саны – 165, мүгедектер саны – 56, Ауған соғысына қатысқандар – 3, Семей полигонына қатысқандар саны – 3.
Жер көлемі – 31116 гектар, егістік жер көлемі 2135 гектарды, жайылым 25260 гектарды, шабындық 1314 гектарды құрайды.
2021 жылы ауылдық округ әкімі аппаратында 112 өкім, 35 шешім шығарылып, жеке тұлғалардан жазбаша 23, заңды тұлғалардан 3, ауызша 4 өтініш түсіп, түскен өтініштерге өз мерзімінде тиісті жауаптары берілді.
Жұмыссыз азаматтарға өз кәсібін ашуға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша ағымдағы жылы барлығы 9 азамат мемлекет тарапынан 34 млн 300 мың теңге қаражат алды.
Халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық пен кедейшілікті төмендету мақсатында бірқатар жұмыстар жалғасын табуда. 2021 жылы 39 отбасыға 13 млн 880 мың 142 теңге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, берілді.
2021 жылы қысқа мерзімдік кәсіптік оқу курстарынан 10 азамат, жастар тәжірибесінен 7 азамат өтіп, ақылы қоғамдық жұмыстарға 18 азамат, әлеуметтік жұмыс орындарына 2 азамат алынды, ал тұрақты жұмысқа 91 азамат орналасып, 9 азамат несие алса, 20 азамат 200 АЕК дейінгі грантқа ие болды.
2021 жылы жоспарланған салық түсімдері 3 млн 077 мың теңге болса, 3 млн 465 мың 768 теңге түсіп, орындалуы 112,6 пайызды құрады.
Округ тұрғындарында 2307 бас мүйізді ірі қара, 1826 бас жылқы, 26089 бас қой-ешкі және 2165 үй құстары бар.
2020 жылы 5 тонна 100 кг жүн қырқылып, әр бас қойға шаққанда 2,6 кг биязы жүн алынды.
2021 жылы жалпы егістік жерлерді игеру бойынша округке тиесілі жерлерге дәнді дақыл егуде ілгерілеушілік бар. Шаруашылықтар тарапынан барлығы 1190 гектар жер жыртылып, көлемі 180 га жерге күздік бидай, 650 га жерге жаздық арпа, 180 га жерге мақсары, 10 га жерге жүгері, 100 га жерге жоңышқа, 20 га жерге бақша, 40 га жерге көкөніс, 10 га жерге картоп егілді.
2021 жылдың қорытындысы бойынша мал азығын дайындау мақсатында 580 га жерден 1160 тонна жоңышқа және 1450 тонна табиғи шөп дайындалды.
Ащыбұлақ ауылындағы «Жастар саябағы» құрылысын жүргізу үшін 11 млн 686 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Қапал көшесін ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында 9 млн 455 мың теңге бөлінді. Ащыбұлақ ауылындағы кіші футбол алаңына жасанды төсем төсеуге 5 млн 880 мың теңге қаралды. Әкімшілік ғимаратының алдын абаттандыру, көріктендіру жұмыстарына 6 млн 208 мың теңге бөлінді. Ащыбұлақ ауылындағы Жамбыл көшесін орта жөндеуден өткізуге 35 млн 016 мың теңге, «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2 млн 650 мың теңге қаралған.
Ауылдық округ бойынша 2 елді мекенде 11 көше болса, оның барлығы асфальталды.
Қаратөбе ауылдық округі
Ауылдық округ 3 елді мекеннен, атап айтқанда, Бектөбе, Қызылшарық, Бәйтерек ауылдарынан тұрады.
Елді мекендерде 1308 аула, 5063 тұрғын бар. Оның ішінде Бектөбе ауылында 979 аулада 3349 адам, Қызылшарық ауылында 216 аулада 1278 адам, Бәйтерек ауылында 113 аулада 517 адам тұрады.
Аумақта 2 мектеп бар. Амангелді атындағы орта мектепте 104 мұғалім 990 оқушыны білім нәрімен сусындатса, Ы.Алтынсарин бастауыш мектебінде 35 оқушы білім алуда.
«Айгөлек» бөбекжайында 75 бала, «Салтанат» бөбекжайында 150 бала, «Сәуле» бөбекжайында 75 бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар, Бектөбе ауылдық амбулаториясы, Мәдениет үйі жұмыс істейді.
Жыл басынан бері ауыл тұрғындарының қатысуымен 32 кездесу өткізілді.
Мәдени-көпшілік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 2021 жылы «Ауылым – алтын бесігім» атты өнер фестивалінде ауылдық округ үшінші орынды иеленді.
Әскер қатарына шақыру жұмыстары 100 пайызға орындалды.
Бектөбе ауылынан 143 жер теліміне инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп, жер телімдерін беру үшін аудандық жер қатынастары бөліміне кезекте тұрған 143 азаматтың өтініштері жолданды, жер комиссиясының қорытындысы бойынша жер телімдері беріледі.
2021 жылы 12 шаруа қожалығы мал басын көбейту, егін шаруашылығын кеңейту мақсатында грантқа ие болды. Сонымен қатар көпбалалы отбасылар мен жұмыссыздар өздерінің кәсіптерін ашу мақсатында қайтарымсыз грант алды.
Жер және мүлік салықтары жоспарға сәйкес орындалды.
Округте 171 шаруа қожалығы, «Амангелді» ӨК және 10 ірі ЖШС тіркелген.
2021 жылға есептелген өзіндік кірістердің нақты көлемі, оның ішінде:
төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 26 млн теңге; жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, елді мекендер жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салықтарынан – 1 млн 200 мың теңге; жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық – 11 млн теңге.
Бектөбе ауылындағы Алатау көшесіне 12 млн 436 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қарой ауылдық округі
Округте Пригородное және Кемел ауылдары орналасқан.
Аумақта барлығы 1396 аулада 6503 адам тұрады.
Мұнда 18 ұлттың өкілдері бар. Әйтиев атындағы орта мектеп, шағын орталық, пошта байланыс торабы, дәрігерлік амбулатория, ауыл шаруашылығы және басқа да әлеуметтік нысандар ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде.
Ауылдық округ әкімінің аппараты есепті мерзімде 62 шешім, жеке құрам бойынша 123 өкім, өндірістік 29 өкім қабылдады.
Жоғарғы органдардан 433 құжат түсіп, 523 шығыс құжаты рәсімделді. Жеке тұлғалардан 63 өтініш, заңды тұлғалардан 2 өтініш, жеке сұрақтармен қабылдауда болған 29 азаматтан өтініш түсіп, заң аясында жауаптары берілді.
2021 жылға егілген егіс көлемі – 1903 га, оның ішінде 30 га күздік бидайдан 45 тонна, 150 га жаздық арпадан 240 тонна, 70 га жүгеріден 398 тонна, 25 га картоптан 568 тонна өнім алынды.
1925 бас мүйізді ірі қара, 3993 бас қой мен ешкі, 427 жылқы, 3694 үй құстары тіркелген. «Келешек», «Қуаныш», «Бекболат» шаруа қожалықтары көктемгі және күзгі дала жұмыстарына шөп-тырма, шөп тіркемесін, жаңбырлатып суару құрылғысын, Беларусь-82.1 тракторын мемлекеттен субсидиямен алды.
14 азамат қысқа мерзімдік оқудан өтті, 18 азамат жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алды. 1 азамат жастар тәжірибесіне тартылды. 116 азамат тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді. 1 кәсіпкерлік нысан ашылды.
Аудан әкімі мен ауылдық округ әкімі арасында жасалған келісімдердің орындалуы қатаң бақылауда болды. Межеленген индикаторлық көрсеткіштер жоспарға сәйкес орындалу үшін жұмыстар жүргізілді.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген азаматтар мемлекет тарапынан тиісті жәрдемақыларын алды.
Ауылдық округ әкімі аппаратының 2021 жылға жоспарланған шығыстары 140088 мың теңгені құрады.
Жеке кәсіпкерлер, ауылдың белсенді азаматтары мен түрлі шаруа қожалық басшыларының демеушілігімен аз қамтамасыз етілген отбасылар мен жартылай жетім, жалғызбасты аналардың балаларына, мүгедек жандарға көмектер көрсетілді.
2 млн 300 мың теңгеге әкім аппараты ғимаратының шатыры ауыстырылды.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 42 млн 472 мың теңгеге Қ.Пірімқұлов көшесінің жолы жөнделді. 12 млн 640 мың теңгеге Пригородное ауылы Д.Әлімбетов, Ақсуат, Б.Момышұлы, О.Тәттібаев көшелеріне және Абай көшесінің жалғасына ауызсу құбырлары тартылды. 2 млн 184 мың теңгеге Пригородное қосалқы станциясына вакуумды қосқыш орнатуға ПС 110/35/10 кВ жұмыстары жасалынды, 3 млн 864 мың теңгеге Октябрь қосалқы станциясына вакуумды қосқышқа құрама тарату камерасын орнатуға ПС 35/10 кВ жұмыстары жүргізілді, 1457 мың теңгеге шағын балалар ойын алаңы соғылды. 3 339 мың теңгеге балалар кіші футбол алаңына жасанды төсеніш төселді, 3999 мың теңгеге Пригородное ауылындағы Баянбаев және Жайымбаев көшелерінің электр желілерінің тетіктері мен сымдары ауыстырылды, ағымды жөнделді, трансформатор қоршалды, бағаналар орнатылды, электр жүйесін тарту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Қызылқайнар
ауылдық округі
Бүгінгі күні ауылдық округте 5289 адам тұрады. 51 шаруа қожалығы тіркелген, 2 шаруа қожалығы мал өсірумен, қалғаны егін егумен айналысады.
Округте 2693 бас мүйізді ірі қара, 11676 қой-ешкі, 996 жылқы, 4501 әртүрлі құстар тіркелген.
Үш шаруа қожалығы 900 гектар жерге арпа егіп, гектарынан 20 центнерден өнім алды. Екі шаруа қожалығы 50 гектар жерге бидай егіп, гектарынан 21 центнерден өнім жинады.
Аумақта жасыл белдеулер құру іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылы әкімшілік жерінен 1 гектар жерге 500 түп қара ағаш егілген болатын. Қазіргі таңда олардың 70 пайызы өсіп-өніп тұр.
Округке 90 млн 270 мың теңге бөлініп, жыл соңына оның барлығы игерілді.
Жасөркен ауылындағы контрабандалық малдарды уақытша ұстау орнына электр желісін тартуға 1500000 теңге, су тартуға 3374600 теңге бөлініп, жұмыстар толығымен орындалды.
Жасөркен ауылындағы шағын футбол алаңын күрделі жөндеуге 3500000 теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
2021 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 36 отбасының 196 адамына тағайындалып, жәрдемақы берілді.
Әкім аппаратында 2021 жылы 39 шешім, жеке құрам бойынша 109 өкім, негізгі қызмет бойынша 39 өкім шығарылып, жеке тұлғалардың өтініші бойынша 47 өтініш, заңды тұлғалардың өтініші бойынша 4 өтініш толық қанағаттандырылды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 4 өтініш тіркелген.
Жыл қорытындысы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 2-бағыты бойынша 13 азамат несие алып, мал шаруашылығымен айналысуда. Жастар тәжірибесі бағдарламасымен 3 адам, қоғамдық жұмысқа 27 адам тартылып, ауылдың тазалық жұмыстарына атсалысты.
2021 жылы 11 азамат әскер қатарына жіберілді.
Өрнек ауылдық округі
Округ аумағына Өрнек ауылы, Жұма станциясы кіреді. Халық саны – 2652 адам. Округте №17 Жамбыл колледжі, Б.Тайшапұлы атындағы орта мектеп, Жұма бастауыш мектебі, «Гүлдер» балабақшасы, Өрнек дәрігерлік амбулаториясы, Жұма фельдшерлік пункт, ауылдық клуб, ауылдық кітапхана, Жұма кітапханасы, ветеринариялық пункті, Өрнек ауылдық поштасы орналасқан. Сондай-ақ 3 дүкен, 1 сұлулық салоны халыққа қызмет көрсетеді.
Ауылдық округ әкімі аппаратында 6 штаттық қызметкер бар. Әкімдік жанынан ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі және түрлі бағытта жұмыс атқаратын комиссиялар құрылған.
Округ әкімінің жеке қабылдауында 12 азамат болып, барлығына өз уақытында тиісті жауаптар беріліп, түсіндірілді. Жеке және заңды тұлғалардан жазбаша түскен 67 өтініштің барлығы қанағаттандырылды.
Округ әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының 8 түрінен қызмет көрсетіледі.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтегі 470 ауланың 283-і интернет желісіне қосылған.
Халықпен кері байланыс орнату мақсатында әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook, Skype, ZOOM) арнайы парақшалар ашылып, онда аумақта ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар және түрлі қажетті ақпараттар жарияланады.
Округтегі жалпы жер көлемі – 24358,91 гектар. Елді мекендер жері – 1527 гектар. Ауыл шаруашылығы алқаптары 4217 гектарды құраса, оның ішінде суармалы егістік – 2426,5 гектар, суарылмайтын егістік – 1790,5 гектар, жайылым – 16431,1 гектар, босалқы жер – 2183,91 гектар.
2021 жылы жалпы егістік жерлерді игеру бойынша округке тиесілі жерлерге дәнді дақыл егуде ілгерілеушілік бар. Шаруашылықтар тарапынан көлемі 800 гектар жерге дәнді масақты және бұршақты дақылдар егілді, 100 га күздік бидай, 30 га жерге көкөніс, 90 га жерге жүгері, 95 га жерге бақша, 15 га жерге картоп егілді.
Округте барлығы 1750 мүйізді ірі қара, 12971 бас қой-ешкі, 1150 бас жылқы, 3337 үй құстары тіркелген. Қысқы мерзімге 17400 тонна жемшөп және пішендеме дайындалды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2021 жылы қысқа мерзімдік кәсіптік оқу курсынан 11 азамат, жастар тәжірибесінен 6 азамат өтіп, ақылы қоғамдық жұмыстарға 5 азамат, тұрақты жұмысқа 78 азамат орналасты.
Есепті мерзімде тұрмысы төмен отбасыларға, жалғызілікті қарттарға, көпбалалы отбасыларына округтегі ілкімді азаматтардың қолдауымен көмектер көрсетілді. Атап айтқанда, облыс әкімінің «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша Өрнек ауылының тұрғыны, көпбалалы отбасы Қуатбек Әбішевке түрғын үй салынып, пайдалануға берілді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Б.Тайшапұлы атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 143 млн 321 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Осы жоба аясында Бекбенбет Әбілдаұлы көшесінің орта жөндеу жұмыстарына 42 млн 619 мың теңге, С.Мұқанов көшесін жөндеуге 33 млн 892 мың теңге бөлінді.
Жергілікті бюджеттен Жұма станциясында кіші футбол алаңын жөндеуге 6480000 теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.
Полатқосшы
ауылдық округі
Аумақта 9934 адам тұрады, аула саны – 1691. Жалпы жер көлемі 42533,9 гектар болса, ауыл шаруашылығы алқаптары – 40400 га.
Ауылдық округте 1172 бала білім алатын В.Чкалов атындағы орта мектеп, 100 келушіге арналған бастапқы санитарлық медициналық орталық, 280 орындық «Болашақ» бөбекжайы, 150 орындық «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы, 20 балаға арналған жекеменшік «Сұлтан» балабақшасы жұмыс істейді.
2021 жылы жеке тұлғалардан 164 өтініш, заңды тұлғалардан 8 өтініш қабылданды. Жер учаскесін алу бойынша 15 өтініш түсіп, 13 азамат кезекке алынды. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша 4 шешім қабылданды. Түскен өтініштер бойынша Заң талабына сәйкес уақытында жауаптары берілді. 12 айда барлығы 120 шешім және жеке құрам бойынша 110 өкім, негізгі қызмет бойынша 29 өкім қабылданды.
2021 жылғы көлік салығы бойынша 26055,0 мың теңге, жер салығы және мүлік салығы бойынша 1172,0 мың теңге өндіріліп, жалпы салық түсімінің көлемі 113 пайызды құрап отыр.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 73 отбасыға тағайындалды.
Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында уақытша жұмыс орындарына – 63, тұрақты жұмыс орындарына 140 азамат қабылданды.
Округте «Юнчи» өндірістік кооперативі, «Jambyl Et MS» тауарлы-сүт фермасы және 98 шаруа қожалығы жұмыс жүргізуде. Елді мекенде жалпы сыйымдылығы 24000 тонна болатын 78 жеке көкөніс сақтау қоймасы бар.
Округ бойынша 1438 ірі қара малы, 210 бас жылқы, 3707 қой-ешкі, 7530 үй құсы бар.
Ағымдағы жылы жалпақтөбелік шаруалар 1127 гектар көкөніс, «Юнчи» өндірістік кооперативі және «Ұзын бұлақ» шаруа қожалығы 4000 гектарға масақты дәнді дақылдар орналастырды. «Талас» шаруа қожалығы 2 гектар жер аумағына қызанақ және қияр өсіретін жылыжай кешенін іске қосып отыр.
Жалпақтөбе ауылында 17 азық-түлік дүкені, 2 супермаркет, 4 құрылыс заттары дүкені, 4 шаштараз, 3 нотариус, 3 ұн-жем сататын орын, 5 дәмхана, 4 жанармай құю станциясы, 1 дәріхана жұмыс жасайды.
Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Sultan» кешені ашылды.
2021 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Д.Қонаев көшесі орта жөндеуден өткізілді, жергілікті бюджет қаражаты есебінен Бауыржан Момышұлы және Юнчи көшелеріне асфальт жабындысы төселді.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімінің Полатқосшы полиция бөлімшесі ашылды.
Тұрғындар сапалы ауызсумен, табиғи газбен толық қамтылған.
Тоғызтарау
ауылдық округі
Ауылдық округке қарасты үш елді мекендегі 188 аулада 837 адам тұрады.
Жалпы жер көлемі – 7584 гектар, оның 1166 гектары ауылдық округке, 5884,5 гектары шаруа қожалықтарына тиесілі.
Ауылдық округ әкімінің аппаратында 2021 жылы 85 өкім, 11 шешім шығарылды.
Аумақта 16 шаруа қожалығы жұмыс істейді.
Барлығы 949 ірі қара, 13955 қой-ешкі, 24 түйе, 822 жылқы, 1264 үй құсы ауылдық округтің шаруашылық кітабына тіркелген.
Малдың қысқы азығына 207 тонна жем, 5775 тонна шөп дайындалды. Малға эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізілді.
Сарып ауруына тексеруге түскен 1000 бас ірі қара мен 16000 бас ұсақ малдан алынған қан сынамаларының қорытындысымен сарып ауруы анықталмады. Елді мекенде 35 қаңғыбас ит ауланып, жойылды.
18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы алатын отбасылар жоқ. Ауылдық округте 77 зейнеткер тұрады. Округ бойынша 21 «Алтын алқа», 18 «Күміс алқа» иегерлері бар.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 1 азамат 4 млн теңге шағын несие алды.
Көктемгі және күзгі мерзімге әскер қатарына 5 адам жіберілді.
2021 жылы Тоғызтарау ауылының Жамбыл көшесіне 16321000 теңге бөлініп, асфальт төселді. Жаңаөткел ауылының Ж.Садықов көшесіне құны 4600000 теңгеге көшеге түнгі жарық орнатылды.