БЕКІТЕМІН
Жамбыл ауданының әкімі
____________С.Арубаев
28 желтоқсан 2021 жыл.
Жамбыл ауданына қарасты ауылдық округ әкімдерінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша елді мекендерде тұрғындармен есептік кездесулер барысында айтылған ұсыныстары мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
(2021 жылғы 28 желтоқсанға)
|
№ |
Іс-шаралар (Көтерілген ұсыныстар мен ескертпелер бойынша) |
Орындалуына жауаптылар |
Орындалу барысы |
|
1 |
Аса ауылдық округі, Рахат ауылына интернет желісін тарту |
Аса ауылдық округінің әкімі Б.Қалшынбетов |
Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Транстелеком операторының диллері «NewTelCom» ЖШС-і Аса ауылдық округіне қарасты Рахат ауылына интернет желісін жүргізуде. Қазіргі таңда, өтініш түскен 40 үйге, интернет желісі жүргізілді. Интернет жылдамдығы 20-40 Мбит/сек. Интернет қосу сымсыз түрімен жүзеге асады. Қосылу құны 35000 теңге (Антенна, wi-fi роутер, барлық монтаждау жұмыстары кіреді). Тарифтер жылдамдығына байланысты 4000 - 4800 тг көлемінде. Рахат ауылының тұрғындарының өтініштеріне байланысты, ауылды интернетпен толық қамту мүмкіндігі бар. Сондай-ақ Аса ауылында 64 абонент және Рахат ауылында 43 абонент барлығы 107 отбасы осы «NewTelCom» интернет желісіне қосылған. Орындалу үстінде. |
|
2 |
Қаратөбе ауылдық округі, Бәйтерек ауылындағы орталық көшеге асфальт төсеу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Г.Сагимбеков |
Бәйтерек ауылының орталық көшесіне (Сүйінбай көшесі) асфальт төсеу үшін аудандық бюджет есебінен 29 млн. 476 мың теңге қаражат бөлуге аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне 2022 жылға бюджеттік өтінім ұсынылған. Орындалу үстінде. |
|
3 |
Айшабибі ауылдық округі, Әулиекөл ауылындағы көшелерді жарықтандыру |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Айшабибі ауылдық округінің әкімі Д.Даулетов |
Әулиекөл ауылындағы көшелерді жарықтандыру үшін (25.03.2021 жылы) мердігер «Сonti-new corporation» ЖШС-імен келісім шарт жасалды. Жобалық құны 1 млн. 400 мың теңге. Келісім-шартқа сәйкес жұмыстар толығымен аяқталды. Көше жарығын коммуналдық қызметке қосу үшін 2022 жылға қаржыға сұраныс берілді. Орындалу үстінде. |
|
4 |
Бесағаш ауылдық округі, Түрксіб ауылындағы Желтоқсан көшесінің бұрылысына трансформатор орнату |
Бесағаш ауылдық округінің әкімі Б.Нигматуллаев |
Түрксіб ауылындағы Желтоқсан көшесінің 1, 2 бұрылыстары мен Қарамолда көшелерінің КТП ағымды жөндеу және трансформаторға қосу жұмыстарына 2021 жылға 6 млн. 94 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Жұмыс аяқталып, аталған көшелер жаңа трансформаторларға қосылу жұмыстары жүргізілуде. Орындалды. |
|
5 |
Ақбастау ауылдық округі, Шоқай ауылына клуб салу |
Ақбастау ауылдық округінің әкімі Н.Дүзеева |
Шоқай ауылындағы жаңа клуб ғимаратының құрылыс жұмыстары «МакроСтрой» ЖК басшысы Ә.Ережепбаев және «КнауфГипсТараз» ЖШС-нің директоры М.Бекназаровтың демеушілігімен салынды. Қазіргі уақытта клуб ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, сыртқы абаттандыру, көгеріштендіру жұмыстары жүргізілді. Құжаттары рәсімделіп, «Ақбастау ауылдық округі әкімі аппаратының» меншігіне өтті. Қабылдау-өткізу актісі жасалды. Жамбыл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің 09.09.2021 ж №51 н/қ бұйрығына сәйкес Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» КМК-нің теңгеріміне берілді. Орындалды. |
|
6 |
Жамбыл ауылдық округі, Қапал ауылына интернет желісін тарту |
Жамбыл ауылдық округінің әкімі Б.Садырбаев |
Бүгінгі таңда Қапал ауылы мен қатарлас жатқан Шайқорық ауылының «Биллайн» және «Теле-2» байланыс торабтары интернет қуаттылығын күшейтуіне байланысты Қапал аулындада аталған екі байланыстың интернет желісі жақсы деңгейде болғандықтан, «Транстелеком» интернет желісін пайдалануға ауыл тұрғындарынан қажеттілік туындап отырған жоқ, дегенмен аталған мәселе бақылауға алынған. Орындалу үстінде. |
|
7 |
Жамбыл ауылдық округі, Бесжылдық ауылынан тұрғын үй салу үшін жер телімін беру |
Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Тоқтасынов, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Б.Садырбаев |
Ш. Ниязбеков ауылында жаңа тұрғын үй алқабына 97 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерін жүргізу үшін 2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 141 724,4 мың теңгеге газ және су желілері жүргізілген. Сонымен қатар, электр желілері және қиыршық тас жолдарын салу жұмыстары жүргізілді. Инфрақұрылым жүргізу жұмыстары толығымен аяқталып, кезекте тұрған барлық азаматтарға жер учаскелерінің құжаттары салтанатты түрде тапсырылды. Орындалды. |
|
8 |
Көлқайнар ауылдық округі, Қостөбе ауылына электр трансформаторын орнату |
Көлқайнар ауылдық округінің әкімі А.Қонаров |
Жамбыл электр жүйесі тарапынан Қостөбе ауылындағы 160 КВ трансформатордан 250 КВ трансформаторға ауыстырылды. Орындалды. |
|
9 |
Көлқайнар ауылдық округі, Еңбек ауылындағы Қапал көшесіне жарықтандыру жүргізу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Көлқайнар ауылдық округінің әкімі А.Қонаров |
Еңбек ауылындағы Қапал көшесіне жарықтандыру жүргізу үшін 4 млн. 850 мың теңгеге ЖК «Ауыл Береке 2016» тарапынан жасалып жұмыстар толығымен аяқталды. Орындалды. |
|
10 |
Гродеково ауылдық округі, Қызылдихан ауылының тұрғындарына «Юнчи» ӨК жерінен 4 га жер бөлу туралы |
Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Тоқтасынов, Гродеково ауылдық округінің әкімі Б.Қожабеков |
Қызылдихан ауылыннда қорым жерінің көлемін кеңейту үшін «Юнчи» өндірістік кооперативі жерінен 4 га жер бөлуге келісім алынды, бірақ «Ұзын-Бұлақ» ШҚ жерінен бөлінетін жердің құжаттарының дұрыс болмауына байланысты құжаттары қайта тапсырылып, рәсімделуде. Орындалу үстінде. |
|
11 |
Қызылқайнар ауылдық округі, Жасөркен ауылында көше жарықтандыру жұмыстарын жүргізу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Қызылқайнар ауылдық округінің әкімі Р.Исаев |
Жасөркен ауылындағы Жасөркен көшесін жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 1 млн. 250 мың теңге «Суранбаев» жеке кәпікерлігімен келісім-шарт жасалды. Жұмыстар жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес толығымен аяқталды. Орындалды. |
|
12 |
Қарасу ауылдық округі, Шайдана ауылындағы көше бұрылыстарын жөндеу |
Қарасу ауылдық округінің әкімі С.Селеубаев |
Шайдана ауылындағы көше бұрылыстарын жөндеуге 2 млн. 883 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2021 жылдың І-ші және ІІ-ші тоқсанындағы нақтылау барысында бюджеттік өтінім ұсынылғанымен, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінен қолдау таппағандықтан, қаражат қарастырылмағандықтан жөндеу жұмыстары жүргізілмеді. Орындалу үстінде. |
|
13 |
Қарой ауылдық округіне ауыз су жүргізу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Қарой ауылдық округінің әкімі Т.Тапжанов |
Пригородное ауылындағы Абай көшесінің жалғасына, Д.Әлімбетов, Ақсуат, Б.Момышұлы, О.Тәттібаев көшелеріне ауыз су жүйесін жүргізу ІІ-жартыжылдыққа жоспарланған. Мемлекеттік сатып алу порталынан ашық конкурс тәсілімен конкурсқа жарияланып, жеңімпаз «Едимар» ЖШС-і анықталды. Қазіргі таңда жұмыстар толығымен аяқталды. Орындалды. |
|
14 |
Қарой ауылдық округі, Кемел ауылынан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ескерткіш тақтайша орнату |
Қарой ауылдық округінің әкімі Т.Тапжанов |
Кемел ауылында 26 аула бар болғандықтан Пригородное ауылына қарасты Қ.Пірімқұлов көшесінің бойындағы скверге ескерткіш тақтайша орнату мақсатында ауыл тұрғындарымен келісіліп жасақталған тізімдер бойынша ескерткіш тақтайшалар орнатуға тиісті мекемеге тапсырыс берілді, жұмыстар жүргізілуде. Орындалу үстінде. |
|
15 |
Өрнек ауылдық округі, Жұма ауылында ағын су мәселесін шешу |
Өрнек ауылдық округінің әкімі А.Мантеев |
Өрнек ауылдық округі Жұма станциясы "Айтақ" каналының бойында орналасқан. Канал бойында бес су реттегіштер орналастырылған, мамыр айында жөндеу жұмыстары аяқталып, "Айтақ" каналына су берілді. Жұма станциясы ағын сумен толық қамтамасыз етілді. Орындалды. |
|
16 |
Қаракемер ауылдық округі, Сеңгірбай көлінен Сеңгірбай елді мекеніне дейінгі 3 км жолды орта жөндеуден өткізу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Қаракемер ауылдық округінің әкімі Ж.Ауелбаев |
Сеңгірбай көлінен Сеңгірбай елді мекеніне дейінгі 3 км жолды орта жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджет есебінен жобалық-сметалық құжаттасын әзірлеуге қаражат бөлініп, «Бақыт Таңы» ЖШС-мен келісім- шарт жасалған. Келісім-шартқа сәйкес сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс жобасының құны 75599 мың теңге. Мердігер «Тараз көлік жолы» ЖШС-і. 2021 жылдың қазан айының 14-жұлдызында құрылыс жұмыстары басталып, 29 қазанда пайдалануға берілді. Орындалды. |
|
17 |
Тоғызтарау ауылдық округі, Тоғызтарау ауылындағы ауылішілік көшелердегі электр бағаналарын ауыстыру |
Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі М.Шайдаев |
Тоғызтарау ауылдық округіндегі Жаңаөткел ауылының Ж.Садыков көшесін жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мердігер «Кең дала» ЖШС-і анықталып, 4 млн. 600 мың теңге қарастырылды, келісім-шарт бойынша қыркүйек айында жұмыстар басталып, қазан айында аяқталды. Орындалды. |