Қаратөбе ауылдық округінің Бектөбе және Бәйтерек ауылдарындағы көше мен бұрылыс атауларын өзгерту туралы

 

 

 

 

 

 

Қаратөбе ауылдық округінің

Бектөбе және Бәйтерек ауылдарындағы

көше мен бұрылыс атауларын

өзгерту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23  қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы               8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 30 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ауылдық округ әкімі ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қаратөбе ауылдық округінің Бектөбе ауылындағы көше мен бұрылыс атаулары өзгертілсін:

Жаңа Бәйтерек көшесін - Бәйтерек көшесіне;

Жаңа Бәйтерек 2 көшесін – Әлихан Бөкейхан көшесіне;

Жайлау 4 көшесін –Көктөбе  көшесіне;

Бұлақ 1 көшесін – Киелі бұлақ көшесіне;

Бескен Абдраимов  көшесінің 1-бұрылысы - Тараз көшесіне.

  1. Қаратөбе ауылдық округінің Бәйтерек ауылындағы бұрылыс атаулары өзгертілсін:

 Әбілда Баялиев  көшесінің 1-бұрылысы - Талас көшесіне.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары С.Джанысбаевқа жүктелсін.
  2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қаратөбе ауылдық округінің әкімі                                   Г.Сагимбеков      

 

 

Дата публикации
13 декабря 2021