Қарой ауылдық округінің Пригородное ауылындағы көше мен бұрылыс атауларын өзгерту туралы

Қарой ауылдық округінің

Пригородное ауылындағы

көше мен бұрылыс атауларын

өзгерту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23  қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы               8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы                30 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ауылдық округ әкімі ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қарой ауылдық округінің Пригородное ауылындағы бұрылыс атаулары өзгертілсін:

Набережная көшесінің 1-бұрылысы - Бірлік көшесіне;

Седовка көшесінің 1-бұрылысы - Ырысты көшесіне;

Садовая көшесінің 1-бұрылысы - Ықылас көшесіне.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарой ауылдық округі әкімінің орынбасары Г.О.Инкашеваға жүктелсін.
  2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қарой ауылдық округінің әкімі                                               Т. Тапжанов                             

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 декабря 2021