Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын алуға электрондық өтініш беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басу.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ(электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қою (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Өтінімге құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу.
- «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасау.
Құқықты белгілейтін құжаттар тізімі:
- Сатып алу-сату шарты;
- Сыйға беру шарты;
- Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік;
- Жекешелендіру туралы шарт;
- Пайдалануға қабылдау актісі;
- Жер учаскесіне акті;
- Заңдастыру туралы шешім;
- Сот шешімі;
- Бұзу шарты;
- Қабылдау және беру актісі;
- Цессия шарты;
- Жалға алу шарты;
- Беру шарты;
- Өсиетхат бойынша мұраға құқық туралы куәлік;
- Тіркеу куәлігі;
- Кепіл шарты;
- Қосымша келісім (сот және банктік).
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ –ның
Жамбыл облысы бойынша филиалының
Жамбыл аудандық тіркеу және
жер кадастры бөлімінің
бас маман – тіркеушісі
Ж. Алмабаев