Жамбыл ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына сәйкес, аудан бойынша 64 қызмет түрі көрсетіледі деп көрсетілген.
Осыған байланысты, 2021 жылы қызмет алушылардан 45 қызмет түрі бойынша өтінім түскен. Оның ішінде: 2021 жылы аудан әкімінің аппаратымен 2 қызмет, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 17 қызмет, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен 3 қызмет, АХАЖ бөлімімен 7 қызмет, ауыл шаруашылығы бөлімімен 3 қызмет, жер қатынастары бөлімімен 6 қызмет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен 1 қызмет, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен 1 қызмет, спорт бөлімімен 1 қызмет көрсетілген, ауылдық округтер арқылы 4 қызмет көрсетілген, бұл 44 қызмет түрінің ішіне кіріп отыр.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жеке және заңды тұлғалардан:
2021 жылдың 2 тоқсанында – 14460 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2021 жылдың 6-айында Жамбыл ауданы әкімінің аппараты, тарапынан жалпы – 159 қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
«Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер – 159 қызмет (100 %);
- «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметі - 159;
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (17 қызмет)
2021 жылдың 6-айында Жамбыл ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан жалпы – 8809 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
Қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер – 3475 (39.7 %);
Баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер – 102 (1.1 %)
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер –513 (5.7%)
- Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 15;
- Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 110;
- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу -44;
- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу – 12;
- Жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу – 11;
- Ақталған адамға куәлік беру – 1;
- Тұрғын үй көмегін тағайындау – 38;
- Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу – 134:
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер - 2122 (24.1%);
Ақпараттық жүйелер арқылы электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталын www.gov. kz, қоспағанда көрсетілгендер саны – 2597 (29.4 %);
Жамбыл ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі (3 қызмет)
2021 жылдың 6-айында Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан жалпы – 1564 мемлекеттік көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –1506 қызмет (96.3%).
«Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер – 58 қызмет (3.7 %);
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер –1506 (96.3%).
- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру - 1506;
«Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 58 (3.7 %);
2021 жылдың 6-айында Жамбыл ауданы әкімдігінің мемлекеттік – құқықтық жұмыс бөлімшесі тарапынан жалпы – 2139 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 1222 (63.2%)
- Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 208;
- Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 144;
- Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру -553;
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 28;
- Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу -289;
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер – 731 (28.3%)
Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі (3 қызмет)
2021 жылдың 6-айында Жамбыл ауданы әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімі тарапынан жалпы – 76 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
– Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 13 қызмет (17.1 %);
Жамбыл ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі (6 қызмет)
2021 жылдың 6-айында Жамбыл ауданы әкімдігінің Жер қатынастар бөлімі тарапынан жалпы – 698 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
– Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2 қызмет (0.06 %);
Қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер – 2 қызмет (0.06 %);
- Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау - 2;
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер – 696 (99.4%)
- Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту – 636;
- Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру– 17;
- Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру – 15;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 15;
- «Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»- 13;
Жамбыл ауданы әкімдігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (1 қызмет)
2021 жылдың 6-айында Жамбыл ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі тарапынан жалпы – 17 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 17 қызмет (100 %).
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтің атауы -17 қызмет (100 %);
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету – 17.
Жамбыл ауданы әкімдігінің Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (1 қызмет)
2021 жылдың 6-айында Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан жалпы – 295 мемлекеттік көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер - 260 қызмет (88.1 %);
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы- 260;
Жамбыл ауданы әкімдігінің Дене шынықтыру және Спорт бөлімі (1 қызмет)
2021 жылдың 6-айында Жамбыл ауданы әкімдігінің Спорт бөлімі тарапынан жалпы – 4 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 4 қызмет (100%).
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер
2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру-4.
Ауылдық округтер әкімі аппараттары (4 қызмет)
2021 жылдың 6-айында Жамбыл ауданы әкімдігінің ауылдық округтер тарапынан жалпы – 703 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
Электрондық түрде көрсетілгендер - 104 қызмет (14.7 %);
Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер фактісі бойынша.
Ағымды жылдың 19 сәуірде №002207577790 өтініштің қызмет көрсету мерзімі бір күнге бұзылып көрсетілді.
Бұл бойынша, Жамбыл ауданы әкімдігігің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Ержигитовтың денсаулығын емделуіне байланысты орнына бөлім басшысының қызметтік міндеттерін уақытша атқару осы бөлімнің бас маманы Б.Нұсқабековке жүктелген. Жауапты тұлғаның жауапкершілігін қарау бөлім басшысы жұмысқа шыққан уақыттан қаралатын болады.
Ағымды жылдың 26 сәуірде № KZ70RLQ00015915 өтініштің қызмет көрсету мерзімі бір күнге бұзылып көрсетілді.
Алайда, Жамбыл ауданы әкімдігігің «Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде» аталған мемлекеттік қызметке жауапты сектор меңгерушісі А.Томашовтың жұмыстан шығуына орай жауапкершілігі қаралмады.
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түспеген.
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ұйымдастыру-инспекторлық
бөлімшесінің бас маманы А.Сейсенов