Жамбыл ауданына қарасты Бесағаш ауылдық округі Бесағаш ауылының тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының Х А Т Т А М А С Ы

Жамбыл ауданына қарасты  Бесағаш ауылдық округі  Бесағаш ауылының тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері

жиналысының

Х А Т Т А М А С Ы

 

 

Бесағаш  ауылы                                                     2021 жылғы 28 қазан

                                                                            Сағат: 11 - 00

 

 

Жиналыс төрағасы:  Б.Нигматуллаев

Жиналыс хатшысы:  К.Тунгишева

 

Жиналысқа қатысқандар:

Жергілікті қоғамдастық  мүшелері – 9 адам,

Бесағаш ауылының тұрғындарының саны - 589 адам.

 

Күн тәртібінде:

 

Бесағаш ауылдық округіне қарасты Бесағаш ауылындағы Бульварная 1-бұрылысын – Береке көшесі, Бульварная 2-бұрылысын – Күлтөбе көшесі деп қайта атау туралы, сонымен қатар, облыстық және аудандық архивте ауылдық округ әкімінің шешімі сақталмаған, Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы  ономастика мәселесі жөніндегі консультациялық-кеңесші органның 2011 жылғы 11 шілдесіндегі №5 ұйғарымымен расталған Бесағаш ауылындағы Мәрия Мырзахметова, Бесағаш көшесі, Жамбыл көшесі, Қарасу көшесі, Абай көшесі, Әшір Молдағаинов,  Жүніс Бекеев, Бейбітшілік, Ораз Жандосов, Сәбит баба, Жеңіс көшесі, Өмірзақ Оспанов, Олжабай Қарсақов, Мұхтар Әуезов көшелерінің, Мәрия Мырзахметова, Жеңіс бұрылыстарының транскрипциясын нақтылау туралы

  

     Тыңдалды:

 Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Б.Нигматуллаев, Б.Байулиев,  А.Ахметов,  Б.Айдарбеков, В.Оразбекова сөз сөйледі.

Б.Нигматуллаев: – Бесағаш ауылдық округінің әкімі.

Бүгінгі жиналысқа Бесағаш ауылы тұрғындары  және 9 жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысып отыр. Ауылдық округтің әкімдігіне ақсақалдар кеңесі мүшелерінен түскен ұсыныста  Бесағаш  ауылының Бульварная бірінші бұрылысын – Береке  көшесі,  Бульварная  екінші бұрылысын Күлтөбе көшесі  деп қайта атаудың қажеттігін сұрап жазған. Сонымен қатар, облыстық және аудандық архивте ауылдық округ әкімінің шешімі сақталмаған, Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы  ономастика мәселесі жөніндегі консультациялық-кеңесші органның 2011 жылғы 11 шілдесіндегі №5 ұйғарымымен расталған Бесағаш ауылындағы Мәрия Мырзахметова, Бесағаш көшесі, Жамбыл көшесі, Қарасу көшесі, Абай көшесі, Әшір Молдағаинов,  Жүніс Бекеев, Бейбітшілік, Ораз Жандосов, Сәбит баба, Жеңіс көшесі, Өмірзақ Оспанов, Олжабай Қарсақов, Мұхтар Әуезов көшелерінің, Мәрия Мырзахметова, Жеңіс бұрылыстарының транскрипциясын нақтылауды қажет етеді.

         Өздеріңізге белгілі «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы қабылданған және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле отырып көшелердің атаулары өзгертіледі.

Ал Үкіметтің №138 қаулысымен бекітілген атауларды өзгерту тәртібіне сәйкес жаңа атаулар ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп берілуі тиіс.   

Осыған орай, ауылдың қария ақсақалдарының ауылға мемлекетіміздің көпұлттылығын ескере отырып сұрап отырған атауларға байланысты әрқайсысыңыз өз ойларыңызды ортаға салып, бірауыздан бір шешімге келейік.

 А.Ахметов – Бесағаш ауылының тұрғыны, ақсақалдар алқасының төрағасы,  зейнеткер: Бесағаш ауылдық округінің әкімі біздің жаңа атауды талап ететін көшені қайта атау беру бойынша өткізіп отырған жиналысына алғысымды айтамын. Жер-су атаулары – біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің көрінісі. Сол себепті,  атау беруде елді мекен атауының мәнді, мағыналы, жас ұрпаққа ой саларлық салмақты болғаны абзал. Осы ретте, елді мекенге атау беру объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген «150 тарихи тұлғалар атаулары», «70 тарихи жер-су атааулары» және «298 дәстүрлі атаулар» тізімдері аясында жұмыстар жүргізілу керектігін ескерген жөн.

        Ойымды қорытындылай келе, жаңа атауды талап ететін Бесағаш ауылындағы Бульварная бірінші бұрылысын – Береке  көшесі,  Бульварная  екінші бұрылысын Күлтөбе көшесі  деп қайта атауды ұсынамын.

Б.Байулиев – Бесағаш ауылының тұрғыны, зейнеткер, ақсақалдар алқасының мүшесі. Бесағаш ауылдық округіне қарасты Бесағаш ауылындағы Бульварная 1-бұрылысы және Бульварная 2-бұрылысына «Береке», «Күлтөбе» деп атауды жөн санаймын. Көпұлтты қазақ елі – бірлігі мен берекесі біте қайнасқан, бірлік пен берекені ұлы жетістіктерге жетелеуші рухани құндылық деп білетін ұлы ел. Бірліксіз тірлік болмайтынын ата-бабамыз ескере отырып, жас ұрпақты әрдайым татулыққа, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға тәрбиелеген. Төрткүл дүниеге танылу, жетістік, жеңіс, абырой, бейбіт өмір – еліміздегі ынтымақ пен бірліктің жемісі. Сондықтан бұл екі бұрылысқа «Береке», «Күлтөбе» атауларын беру –  берекесі мен бірлігі жарасқан елімізде өте үйлесімді және орынды деп ойлаймын.

    Б.Айдарбеков – Түрксіб ауылының тұрғыны, жергілікті қоғамдастық төрағасы. Күн тәртібіндегі қаралып отырған мәселенің мәні зор. Себебі, көшелерге жаңа атауды дұрыс беру арқылы келешек ұрпаққа ұлттық болмыс пен ұлттық сананы, тарихымызды ұғындырамыз. Бұл мәселеге ерекше мән берген жөн.

В.Оразбекова - Бесағаш ауылының тұрғыны, Бесағаш ауылдық округі әкімі аппаратының мәдени ұйымдастырушысы. Еліміз егемендігін алып, өз алдына тәуелсіз ел болғалы  бері «Тіл туралы» Заң қабылданып, ономастика саласы қарқынды дамуда.   Елбасының салиқалы саясатын қолдау мақсатында жаңа атаулардың беріліп отырғандығын өз басым дұрыс деп есептеймін.

 Б. Нигматуллаев: Жарыс сөзге қатысқандар пікірталас барысында көше атауы туралы бірнеше ұсыныстар білдіріп (ашық) дауысқа салу арқылы мақұлданды.  Дауысқа салу арқылы 218 адам Бесағаш ауылындағы Бесағаш ауылындағы Бульварная 1-бұрылысын – Береке көшесі, Бульварная 2-бұрылысын – Күлтөбе көшесі деп қайта атау туралы, сонымен қатар, облыстық және аудандық архивте ауылдық округ әкімінің шешімі сақталмаған, Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы  ономастика мәселесі жөніндегі консультациялық-кеңесші органның 2011 жылғы 11 шілдесіндегі №5 ұйғарымымен расталған Бесағаш ауылындағы Мәрия Мырзахметова, Бесағаш көшесі, Жамбыл көшесі, Қарасу көшесі, Абай көшесі, Әшір Молдағайынов,  Жүніс Бекеев, Бейбітшілік, Ораз Жандосов, Сәбит баба, Жеңіс көшесі, Өмірзақ Оспанов, Олжабай Қарсақов, Мұхтар Әуезов көшелерінің, Мәрия Мырзахметова, Жеңіс бұрылыстарының транскрипциясын нақтылау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1 тармағына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын  нақтылау өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін  ескеру мақсатында ашық дауысқа салды       

Қарсы - жоқ

Қалыс – 17

Қолдағандар саны- 581 адам.

 

Ауылдық округ әкімі Бесағаш ауылындағы Бульварная 1-бұрылысын  – Береке көшесі, Бульварная 2-бұрылысын  – Күлтөбе көшесі деп қайта атау туралы, сонымен қатар, облыстық және аудандық архивте ауылдық округ әкімінің шешімі сақталмаған, Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы  ономастика мәселесі жөніндегі консультациялық-кеңесші органның 2011 жылғы 11 шілдесіндегі №5 ұйғарымымен расталған Бесағаш ауылындағы Мәрия Мырзахметова, Бесағаш көшесі, Жамбыл көшесі, Қарасу көшесі, Абай көшесі, Әшір Молдағаинов,  Жүніс Бекеев, Бейбітшілік, Ораз Жандосов, Сәбит баба, Жеңіс көшесі, Өмірзақ Оспанов, Олжабай Қарсақов, Мұхтар Әуезов көшелерінің, Мәрия Мырзахметова, Жеңіс бұрылыстарының транскрипциясын нақтылау туралы көше тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.

 

Бесағаш ауылдық округінің әкімі

ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. Бесағаш ауылындағы Бульварная 1-бұрылысын – Береке көшесі, Бульварная 2-бұрылысын – Күлтөбе көшесі деп қайта атау туралы, сонымен қатар, облыстық және аудандық архивте ауылдық округ әкімінің шешімі сақталмаған, Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы  ономастика мәселесі жөніндегі консультациялық-кеңесші органның 2011 жылғы 11 шілдесіндегі №5 ұйғарымымен расталған Бесағаш ауылындағы Мәрия Мырзахметова, Бесағаш көшесі, Жамбыл көшесі, Қарасу көшесі, Абай көшесі, Әшір Молдағаинов,  Жүніс Бекеев, Бейбітшілік, Ораз Жандосов, Сәбит баба, Жеңіс көшесі, Өмірзақ Оспанов, Олжабай Қарсақов, Мұхтар Әуезов көшелерінің, Мәрия Мырзахметова, Жеңіс бұрылыстарының транскрипциясы нақтылансын.
  2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша ұсыныс облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

 

 

Жиналыс төрағасы                                                          Б.Нигматуллаев

 

Жиналыс хатшысы                                                         К.Тунгишева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жители улицы Ленина и члены местного сообщества села Аса Асинского сельского округа Жамбылского района

общего собрания

№12 ПРОТОКОЛ

 

село Аса                                                                              14 сентябрь 2018 года

                                                                               время: 11.00

 

 

Председатель  собрания: Б.Калшымбетов

Секретарь собрания: З. Абзелова

 

Присутствовали:

Члены местного сообщества – 7 человек

Жители улицы Ленина  - 218 человек (список прилагается)

 

ПОВЕСТКА ДНЯ:

 

Переименовать названия улицы и переулков села Аса Жамбылского района, улица Ленина – на Шамши Калдаякова, первый переулок улицы Ленина – Самал, второй переулок улицы Ленина - Айдарлы, третий переулок улицы Ленина –Коктем.  

 

 

Прослушано:

По вопросу на повестке дня выступили Б.Калшымбетов, Р.Жапаров, Е.Толеушов, Ж.Салемов, А.Садыралиев

 

Б.Калшымбетов - аким Асинского сельского округа.

О переименовании улица Ленина, первый переулок улицы Ленина, второй переулок улицы Ленина, третий переулок улицы Ленина принимают участие 218 жителей и 7 членов местного сообщества. В поступившем заявление акиму сельского округа было предложено переименовать улицу в селе Аса улица Ленина – на Шамши Калдаякова, первый переулок улицы Ленина – Самал, второй переулок улицы Ленина - Айдарлы, третий переулок улицы Ленина –Коктем.  

Учитовая статью РК 2014 года от 24 февраля №138 «Об утверждении Правил учета мнения населения соответствующей территории при наименовании, переименовании административно-территориальных единиц, составных частей населенных пунктов, а также уточнении и изменении транскрипции их наименований», а также принимая во внимание мнения пожилых аксакалов утверждаем постановление об изменения названия улицы и переулков. Это решение также связано в целях развития особенностей языка, учитовая порядок направления ономастики географических положений и исторических социальных условии.

Р.Жапаров – житель села Аса, председатель сообщества аксакалов, пенсионер.

Мы выражаем большую благодарность акиму округа от имени жителей села за одобрения решения переименовать названия улиц. В ходе проведения переименования населенного пункта или улицы нельзя кардинально легко решить проблему, не учитывая мнения коллектива и жителей улицы. Подводя итоги проекта я предлагаю следующие названия улиц переименовать  улицу и переулков в села Аса улица Ленина – Шамши Калдаякова, первый переулок улицы Ленина – Самал, второй переулок улицы Ленина - Айдарлы, третий переулок улицы Ленина –Коктем. 

Е.Толеушов – житель села Аса, член сообщества аксакалов, пенсионер. Тема сегодняшнего собрания является очень актуальный. По идее президента «Мангилик ел» обязывает нам большую ответственность перед народом. В переименовании улиц, площадей должны внести в душу воспитывающего поколения дух патриотизма к своей родине. Если выразить конкретно новые названия улиц должны отразить дух и величие казахского народа. И поэтому поддерживаю в переименовании улицы переулков.

Ж.Салемов - житель села Аса, член сообщества аксакалов, пенсионер.

Я считаю, что вопросы, обсуждаемые на этом собрании очень актуальные. Каждый вопрос мы должны рассмотреть тщательно. Я также поддерживаю  переименовании улицы и переулков.

А.Садралиев - житель села Аса, член сообщества аксакалов, пенсионер.

Мы рады, что переименования названия улицы и переулков приурочено к двадцати пятилетию независимости республики. Переименования улиц связано с историческими и социальными условиями, но при этом надо учитывать чтобы не повредили документации местного населения.

Б.Калшымбетов: После выступления этих лиц, поступило несколько предложении по переименованию улицы и переулков приступили к открытому голосованию. По голосованию из 218 голосов за переименование улиц голосовали 218 человек. Переименовать улицы и переулков  села Аса, Жамбылского района, улица Ленина – Шамши Калдаякова, первый переулок улицы Ленина – Самал, второй переулок улицы Ленина - Айдарлы, третий переулок улицы Ленина –Коктем. 

После выступления жителей села провели голосование.Эти прения и мнения были одобрены единогласно.

Против-нет

Воздержавших –нет

Количество поддержанных -218 человек.

По итогам открытого голосования аким округа большинством голосов поддержал предложение переименовать улицу Ленина на улицу Шамши Калдаякова, первый переулок улицы Ленина на улицу Самал, второй переулок улицы Ленина на улицу Айдарлы, третий переулок улицы Ленина на улицу Коктем.

ПОСТАНОВЛЕНИЕ:

 

  1. Переименовать названия улицы и переулков село Аса Жамбылского района, улица Ленина –на Шамши Калдаякова, первый переулок улицы Ленина – Самал, второй переулок улицы Ленина - Айдарлы, третий переулок улицы Ленина –Коктем. 
  2. По итогам мнения населения соответствующей территории внести предложение на рассмотрение ономастической комиссии при акимате области.

 

         Председатель  собрания:                                     Б.Калшымбетов

 

Секретарь собрания:                                                    З. Абзелова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл ауданына қарасты Бесағаш ауылдық округі Бесағаш ауылының тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының Х А Т Т А М А С Ы
Дата публикации
01 ноября 2021