Жамбыл ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 11 ақпандағы
№ 44 қаулысымен бекітілген
Жамбыл ауданы әкімінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша тұрғындармен есептік кездесулер,
есептер барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы
(2021 жылдың 1 сәуіріне)
|
№ |
Іс-шаралар (Көтерілген ұсыныстар мен ескертпелер бойыншы) |
Орындалуына жауаптылар |
Орындалуы |
|
1 |
Тоғызтарау ауылдық округінде көше жарықтандыру жұмыстарын жүргізу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі М.Шайдаев |
Тоғызтарау ауылдық округіндегі Жаңаөткел ауылының Ж.Садыков көшесін жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 10 млн 673 мың теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Қаражат күтілуде. Орындалу үстінде. |
|
2 |
Өрнек ауылдық округіне қарасты егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету, канал мен латоктарды жөндеу |
«Қазсушар» РМК Аса өндірістік бөлімше басшысы Е.Қалдыбеков (келісімі бойынша), Өрнек ауылдық округінің әкімі А.Мантеев |
Егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында «Қазсушар» мекемесі тарапынан пилоттық жоба шеңберінде «Айтақ», «Саза төменгі Айтақ», «Көгой», «Саза» каналдарының арнасын тарылту жұмыстар жүргізілді. Аталған каналдарда ағын су тоқтатылып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Суармалы суды тиімді пайдалану және гидротехникалық құрылыстардың техникалық жағдайын жақсарту үшін «Саза» су жүйесінде «Павлодарский речной порт» АҚ жөндеу жұмыстары жүргізуде. «Саза төменгі Айтақ», «Көгой», «Саза» каналдарында тазалау жұмыстарын жүргізді. Жоба бойынша канал профильдерін қалпына келтіруде. Р-2 каналында лоток жүйесін демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде. |
|
3 |
Шайдана медициналық пунктіне интернет желісін тарту |
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері А.Сауруков, Қарасу ауылдық округінің әкімі С.Селеубаев |
«Қазақтелеком» АҚ тарапынан интернет желісі тартылып, орнатылды. Орындалды. |
|
4
|
Шоқай ауылында мектеп құрылысын жүргізу
|
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы аудандық білім бөлімінің басшысы Р.Қожамжарова, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Тілеубаев, Ақбастау ауылдық округінің әкімі Н.Дүзеева |
Жобалық сметалық құжаттамасы әзірленген, жоба құнының қымбат болуына байланысты бағасын қысқарту үшін облыстық құрылыс басқармасына бағаны оңтайландыруға ұсыныс жолданды. Орындалу үстінде. |
|
5 |
Шайқорық, Танты ауылдарының кіре беріс, шыға берістеріне бейнебақылау орнату |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Б.Садырбаев |
Шайқорық, Танты ауылдарының кіре беріс, шыға берістеріне 3 дана бейнебақылау орнату үшін аудандық бюджет есебінен 3 млн. 585 мың теңге қарастырылып, 2021 жылдың 2 сәуір күні мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. Жеңімпаз анықталған жағдайда орнатылатын болады. Орындалу үстінде. |
|
6 |
Бектөбе ауылдық округінен тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру |
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Тілеубаев, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Бижігітов, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі С.Халықов |
Бектөбе ауылынан 143 жер теліміне инфрақұрылым жүргізу үшін қаражат күтілуде. Орындалу үстінде. |
|
7 |
Айшабибі ауылдық округінен тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру |
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Тілеубаев, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Бижігітов, Айшабибі ауылдық округінің әкімі Д.Даулетов |
Округ бойынша өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер телімдерін алу кезегінде 868 адам тұр. Жер телімдерін беру үшін инфрақұрылым жүйесін жүргізуге мердігерді анықтау үшін құжаттары конкурсқа ұсынылды. Орындалу үстінде. |
|
8 |
Айшабибі ауылы Жібек жолы көшесінің бойына тратуар орнату |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Айшабибі ауылдық округінің әкімі Д.Даулетов |
Айшабибі ауылы Жібек жолы көшесінің бойына тратуар орнату үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленді. Қаражат қарастыру күтілуде. Орындалу үстінде. |
|
9 |
Бесағаш ауылынан спорт кешенінің құрылысын жүргізу |
Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Ержігітов, Бесағаш ауылдық округі әкімі Б.Нигматуллаев |
Бесағаш ауылынан спорт кешенінің құрылысын жүргізуге 0,90 гектар жер телімі бөлініп, құжаттары заңдастырылды. Мемлекеттік сараптамаға құжаттары жолданды. Орындалу үстінде. |
|
10 |
Пригородное ауылы, Қ.Пірімқұлов көшесінің жолын жөндеу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Қарой ауылдық округінің әкімі Т.Тапжанов |
Жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, 44 млн 206 мың теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Орындалу үстінде. |
|
11 |
Пригородное ауылы, Д.Әлімбетов көшесіне ауыз су жүргізу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Қарой ауылдық округінің әкімі Т.Тапжанов |
Пригородное ауылындағы Д.Әлімбетов көшесіне ауыз су жүйесін жүргізу ағымдағы жылдың ІІ-жартыжылдығына жоспарланған. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу порталынан ашық конкурс тәсілімен конкурс жарияланды. Орындалу үстінде. |
|
12 |
Жалпақтөбе ауылдық мәдениет үйінің алдынан Еңбек ардагерлері мен Құрметті азаматтарға арналған ескерткіш тақта орнату |
Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Байдалиев, Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Е.Данаев |
Жалпақтөбе ауылдық мәдениет үйінің алдынан Еңбек ардагерлері мен Құрметті азаматтарға арналған ескерткіш тақта орнату үшін ауыл тұрғындарымен келіссөздер жүргізілуде. Жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсыну жоспарлануда. Орындалу үстінде. |
|
13 |
Қызылқайнар ауылындағы тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін жерлерге ауыз су жүйесін дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету |
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Тілеубаев, Қызылқайнар ауылдық округінің әкімі Р.Исаев |
2020 жылы Қызылқайнар ауылындағы тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін 222 жер теліміне «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жобалық құны 740 млн 760 мың теңгеге 24 800 метр су құбыры толық жүргізілді. Қазіргі таңда, электр желілерін тарту, көшелерге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Орындалды. |
|
14 |
Аса ауылдық округінде «Қуат», «Қошан» каналдарын тазалау |
«Қазсушар» РМК Аса өндірістік бөлімше басшысы Е.Қалдыбеков (келісімі бойынша), Аса ауылдық округінің әкімі Б.Қалшымбетов |
Аса ауылдық округінде орналасқан «Қуат» каналын тазалау жұмыстары жүргізілуде. «Қошан» каналының 9,1 шақырымы жөнделді. Тазалау жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде. |
|
15 |
Бесағаш ауылдық округіне ауыз су құрылысын жүргізу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Бесағаш ауылдық округінің әкімі Б.Нигматуллаев |
Бесағаш–Түркісіб елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптама қорытындылары алынды. Қазіргі таңда, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім ұсынылды. Жобаның жалпы құны 1 млрд. 503 млн теңгені құрайды. Қаражат күтілуде. Орындалу үстінде. |
|
16 |
«Аса-Тараз» тас жолы бойындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Т.Татенов (келісімі бойынша), Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшенің басшысы Б.Жамбылбекқызы |
Ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бері күнделікті «Аса-Тараз» тас жолының бойында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыстық жол-полиция батальонының 2 патрульдік автокөлігі қызмет көрсетуде. Аудандық полиция бөлімі тарапынан бақылауға алынды. Орындалу үстінде. |
|
17 |
Көлқайнар ауылдық округі, Еңбек ауылындағы көшелерге жол жылдамдығын төмендететін белгі орнату |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Көлқайнар ауылдық округінің әкімі А.Конаров |
Жамбыл ауданы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық полиция бөлімінен келіп түскен ұйғарымдарға сәйкес 2021 жылға жергілікті бюджеттен 10,0 млн. теңге қаражат қарастырылып, бүгінгі күнге аудан көлемінде 70 жол белгілері орналастырылды. Оның ішінде 10 жол белгісі Көлқайнар ауылдық округі аумағында орнатылды. Орындалды. |
|
18 |
Гродеково ауылындағы Ақжол көшесіне тратуар орнату |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Гродиково ауылдық округінің әкімі Б.Қожабеков |
Жобалық–сметалық құжаттар әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылды. Қаражат бөлуді қажет етеді. Орындалу үстінде. |