Жамбыл ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 28 қыркүйектегі
№496 қаулысымен бекітілген
Жамбыл ауданы әкімінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша тұрғындары алдындағы есептік кездесуі барысында айтылған ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы
(2021 жылдың 1 қазанына)
|
№ |
Іс-шаралар (Көтерілген ұсыныстар мен ескертпелер бойыншы) |
Орындалуына жауаптылар |
Орындалуы |
|
1 |
Тоғызтарау ауылдық округінде көше жарықтандыру жұмыстарын жүргізу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі М.Шайдаев |
Тоғызтарау ауылдық округіндегі Жаңаөткел ауылының Ж.Садыков көшесін жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 4 млн. 600 мың теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Қаражат қаралып, мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс жүргізіліп, мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары басталды, жұмыстарды 2021 жылдың 15 қазанына дейін аяқтау жоспарлануда. Орындалу үстінде. |
|
2 |
Өрнек ауылдық округіне қарасты егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету, канал мен латоктарды жөндеу |
«Қазсушар» РМК Аса өндірістік бөлімше басшысы Е.Қалдыбеков (келісімі бойынша), Өрнек ауылдық округінің әкімі А.Мантеев |
Суармалы суды тиімді пайдалану және гидротехникалық құрылыстардың техникалық жағдайын жақсарту мақсатында "Казсушар" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл филиалының "Аса" өндірістік бөлімінде "Саза" су жүйесінде "Павлодарский речной порт" АҚ жөндеу жұмыстарын жүргізуде. "Саза", "Айтақ", "Көгой" каналдарында жөдеу жұмыстарын жүргізді, жоба бойынша канал профильдері қалпына келтірілуде. Р-2 каналында лоток жүйесін демонтаждау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Негізгі жөндеу жұмыстары 2021 жылдың соңында аяқталады. Орындалу үстінде. |
|
3 |
Шайдана медициналық пунктіне интернет желісін тарту |
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері А.Сауруков, Қарасу ауылдық округінің әкімі С.Селеубаев |
«Қазақтелеком» АҚ тарапынан интернет желісі тартылып, орнатылды. Орындалды. |
|
4
|
Шоқай ауылында мектеп құрылысын жүргізу
|
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы аудандық білім бөлімінің басшысы Р.Қожамжарова, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Тілеубаев, Ақбастау ауылдық округінің әкімі Н.Дүзеева |
Ақбастау ауылдық округі Шоқай ауылындағы 150 оқушылардың орта мектеп құрылысы нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары ведомствадан тыс кешенді сараптама қарауынан өтіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда жобаның құнын төмендету мүмкіндігін қарастыруға ЖСҚ-сы облыстық «Сәулеттік бюро» КММ-не ұсынылды. Алдағы уақытта құны оңтайландырылған жағдайда, білім нысандарының тапсырыс берушісі облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы болып бекітілуіне байланысты бюджеттік өтінім басқарма тарапынан тапсырылатын болады. Орындалу үстінде. |
|
5 |
Шайқорық, Танты ауылдарының кіре беріс, шыға берістеріне бейнебақылау орнату |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Б.Садырбаев |
Шайқорық, Танты ауылдарының кіре беріс, шыға берістеріне 3 дана бейнебақылау орнату үшін аудандық бюджет есебінен 3 млн. 585 мың теңге қарастырылып, 2021 жылдың 2 сәуір күні мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. Жеңімпаз «Бағлан» ЖК анықталды. Жұмыстар толығымен аяқталды. Орындалды. |
|
6 |
Бектөбе ауылдық округінен тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру |
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Тілеубаев, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Тоқтасынов, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Г.Сагимбеков |
Бектөбе ауылында жаңа тұрғын үй алқабында 143 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері электр және газ желілері жүргізілді. Мердігер мекеме ЖШС-і «ТАРАЗСТРОЙ-2004» болып анықталып, 2021 жылдың 12 сәуірінде құрылыс жұмыстары басталып, 10 тамызында аяқталып, пайдалануға қабылданды. Газ және электр желісінің жалпы конкурстық құны – 248 799,85 мың теңге. Техникалық қадағалаушы - «Индустрой Инжиниринг» ЖШС-і, авторлық қадағалаушы - «BS ARCHI GROUP» ЖШС-і. Қазіргі таңда жер телімдерін алдағы уақытта тарату мақсатында аталған нысандарды ауылдық округ теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде. |
|
7 |
Айшабибі ауылдық округінен тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру |
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Тілеубаев, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Тоқтасынов, Айшабибі ауылдық округінің әкімі Д.Даулетов |
Айшабибі ауылында жаңа тұрғын үй алқабында 382 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері электр және газ желілері жүргізілуде. Мердігер мекеме ЖШС-і «Арайстроймаркет-2003» болып анықталып, 2021 жылдың 08 сәуірінде құрылыс жұмыстары басталып, 06 шілдесінде аяқталып, пайдалануға қабылданды. Газ және электр желісінің жалпы конкурстық құны – 375 801,09 мың теңге. Техникалық қадағалаушы - «Құрылыс - Жоба Инжиниринг» ЖШС, авторлық қадағалаушы - «Күмбез-Тас» ЖШС-і. Бұдан бөлек Айшабибі ауылында жаңа тұрғын үй алқабын ауыз су желісімен қамтамасыздандыру құрылысын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 52 012,0 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Ремстрой-СС» ЖШС-і болып анықталды. Жалпы конкурстық құны – 186 459,747 мың теңге. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың 14 шілдесінде басталып, қараша айында аяқтау жоспарлануда. Орындалу үстінде. |
|
8 |
Айшабибі ауылы Жібек жолы көшесінің бойына тратуар орнату |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Айшабибі ауылдық округінің әкімі Д.Даулетов |
Айшабибі ауылы Жібек жолы көшесінің бойына тратуар орнату үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, аудандық бюджеттен қаражат қарастырылып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу арқылы ашық конкурс жүргізіліп, мердігер «Айя-Сервис» ЖШС-і анықталды. Жұмыстар 2021 жылдың 10 қазанына дейін аяқталуы жоспарлануда. Орындалу үстінде. |
|
9 |
Бесағаш ауылынан спорт кешенінің құрылысын жүргізу |
Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Ержігітов, Бесағаш ауылдық округі әкімі Б.Нигматуллаев |
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында спорт кешені құрылысын салу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге жергілікті бюджеттен 4 млн. теңге қаржы бөлінді. Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі арқылы ЖСҚ әзірлеу үшін «Бақыт-Таңы» ЖШС-і мердігер болып анықталып, жобаның болжамды құны 331 млн. тенгені құрады. «Сырымбет-Сараптама» ЖШС-і келісім-шарт жасалынып, сарапшылар тарапынан жоба жасалынды. Қазіргі таңда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы конкурс жүргізілуде. Орындалу үстінде. |
|
10 |
Пригородное ауылы, Қ.Пірімқұлов көшесінің жолын жөндеу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Қарой ауылдық округінің әкімі Т.Тапжанов |
Жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, 44 млн. 206 мың теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Қазіргі таңда қаражат қарастырылып мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс жүргізіліп, мердігер “Қартау жолдары” ЖШС-і жеңімпаз болып анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар 2021 жылдың 20 қазанына дейін аяқталуы жоспарлануда. Орындалу үстінде. |
|
11 |
Пригородное ауылы, Д.Әлімбетов көшесіне ауыз су жүргізу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Қарой ауылдық округінің әкімі Т.Тапжанов |
Пригородное ауылындағы Д.Әлімбетов көшесіне ауыз су жүйесін жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу порталынан ашық конкурс тәсілімен конкурс жарияланып, мердігер «Едимар» ЖШС-і жеңімпаз болып анықталып, бүгінгі күнге жұмыстар толығымен аяқталды. Орындалды. |
|
12 |
Жалпақтөбе ауылдық мәдениет үйінің алдынан Еңбек ардагерлері мен Құрметті азаматтарға арналған ескерткіш тақта орнату |
Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Байдалиев, Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Е.Данаев |
Полатқосшы ауылдық округінде әкімшілік ғимаратының маңында арнайы Еңбек ардагерлеріне және танымал азаматтарға арналған ескерткіш тақта бар. Жалпақтөбе ауылдық мәдениет үйіне сазгер Шәмші Қалдаяқовтың атын беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты, алдағы уақытта тақырыпқа сай тақта немесе ескерткіш орнату мәселесі зерделеніп, қажетіне қарай ұсыныс берілетін болады. Орындалу үстінде. |
|
13 |
Қызылқайнар ауылындағы тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін жерлерге ауыз су жүйесін дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету |
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Тілеубаев, Қызылқайнар ауылдық округінің әкімі Р.Исаев |
2020 жылы Қызылқайнар ауылын ауыз сумен қамтамасыздандыру мақсатында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жобалық құны 740 млн 760 мың теңгеге 24 800 метр су құбыры толық жүргізілді. Сонымен қатар жоба бойынша елді мекенмен қоса жаңа тұрғын үй алқабында 222 жер теліміне су желісі жүргізілген. Қазіргі таңда, электр желілерін тарту, көшелерге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Орындалды. |
|
14 |
Аса ауылдық округінде «Қуат», «Қошан» каналдарын тазалау |
«Қазсушар» РМК Аса өндірістік бөлімше басшысы Е.Қалдыбеков (келісімі бойынша), Аса ауылдық округінің әкімі Б.Қалшымбетов |
Аса ауылдық округінде орналасқан «Қуат» каналын тазалау жұмыстары жүргізілді. «Қошан» каналының 9,1 шақырымы жөнделіп, қазіргі уақытта «Қуат» және «Қошан» каналының жөндеу жұмыстары уақытша тоқтап тұр. Орындалу үстінде. |
|
15 |
Бесағаш ауылдық округіне ауыз су құрылысын жүргізу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Бесағаш ауылдық округінің әкімі Б.Нигматуллаев |
Бесағаш–Түрксіб елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптама қорытындылары алынды. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2021 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім ұсынылып, 2021 жылға 754 млн. теңге қаражат қаралды. Бүгінгі күнге облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы ашық конкурс жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталады. Бүгінгі күнге аталған жобаға аудандық бюджеттен 1 млрд. 503 млн.теңге қаражат қаралып, мемлекеттік сатып алу арқылы ашық конкурс жүргізіліп мердігер анықталды. Бүгінгі күнге аталған жоба бойынша «Көлсай Строй» ЖШС-і арасында келісім-шарт жасалып, құрылыс жұмыстары басталды. Орындалу үстінде. |
|
16 |
«Аса-Тараз» тас жолы бойындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
Аудандық полиция бөлімінің бастығы Т.Татенов (келісімі бойынша), Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшенің басшысы Б.Жамбылбекқызы |
Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап күнделікті «Аса-Тараз» тас жолының бойында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыстық жол-полиция батальонының 2 патрульдік автокөлігі қызмет көрсетуде. Аудандық полиция бөлімі тарапынан бақылауға алынды. Орындалды. |
|
17 |
Көлқайнар ауылдық округі, Еңбек ауылындағы көшелерге жол жылдамдығын төмендететін белгі орнату |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Көлқайнар ауылдық округінің әкімі А.Конаров |
Жамбыл ауданы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық полиция бөлімінен келіп түскен ұйғарымдарға сәйкес 2021 жылға жергілікті бюджеттен 10,0 млн. теңге қаражат қарастырылып, бүгінгі күнге аудан көлемінде 70 жол белгілері орналастырылды. Оның ішінде; 10 жол белгісі Көлқайнар ауылдық округі аумағында орнатылды. Орындалды. |
|
18 |
Гродеково ауылындағы Ақжол көшесіне тратуар орнату |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Гродиково ауылдық округінің әкімі Б.Қожабеков |
Жобалық–сметалық құжаттар әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылды, бүгінгі күнге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қаражат қаралып, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы конкурс аяқталды. Құрылыс жұмыстары 90% аяқталған, 2021 жылдың 30 қазанына дейін толығымен қабылданады. Орындалу үстінде. |