Жамбыл ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамту мәселері туралы

Жамбыл ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамту мәселері туралы

 

Жамбыл облысы Жамбыл ауданында ағымдағы жылдың                           1қыркүйегіне дейін 1272 азамат коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке тіркелген.

Олар:ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы                        16 сәуірдегі №94» заңының 67 бабына сәйкес тұрғын үйлерге мұқтаж және есепте тұрған азаматтар:

  1. Жетім, қамқорлықсыз қалған балалар – 104 адам
  2. «Алтын алқа», «Күміс алқа» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар - 454 адам;
  3. Халықтың әлеуметтік осал тобы - 503 адам;

(Ақпарат үшін: І және ІІ топтағы мүгедектер – 103, ҰОС теңестірілгендер – 1, толық емес отбасы – 319, зейнеткер – 13, мүгедек баласы бар отбасылар - 67.)

  1. Мемлекеттік, бюджеттік ұйым қызметкерлері – 211 адам.

(Ақпарат үшін: әскери қызметшілер – 11, бюджеттік ұйымдардың      қызметкерлері – 143, мемлекеттік қызметшілер - 57.)

  1. Жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған – 0 адам;

 

Сонымен қатар, 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Жамбыл ауданы Бәйтерек тұрғын үй алқабында                          18 пәтерлік тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, тұрғын үйлерге мұқтаж және есепте тұрған төмендегідей азаматтар арендалық тұрғын үймен қамтамасыз етілген:

* жетім балаларға –3 пәтер,

* халықтың әлеуметтік осал тобына – 9 пәтер,

* мемлекеттік қызметкерлерге – 2 пәтер,

* қызметтік пәтерлерге – 4 пәтер.

 

Осыған қоса, 2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Жамбыл ауданы Бәйтерек тұрғын үй алқабында                          екінші 18 пәтерлік тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, тұрғын үйлерге мұқтаж және есепте тұрған төмендегідей азаматтар арендалық тұрғын үймен қамтамасыз етілген:

* жетім балаларға – 4 пәтер,

* халықтың әлеуметтік осал тобына – 8 пәтер,

* көп балалы отбасыларға – 2 пәтер,

* бюджеттік қызметкерлерге – 3 пәтер,

* қызметтік пәтерлерге – 1 пәтер.

 

2021 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы Абай көшесінде №69/А мекен-жайында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйдің (5 қабатты тұрғын үй) «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы құны 604 198,0 мың теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары 2020 жылдың 21 мамырында басталып, 2021 жылы пайдалануға берілді. 76 пәтерлік тұрғын үй құрылысы аяқталып, тұрғын үйлерге мұқтаж және есепте тұрған төмендегідей азаматтар арендалық тұрғын үймен қамтамасыз етілген:

* жетім балаларға – 15 пәтер,

* көп балалы отбасыларға – 10 пәтер,

* халықтың әлеуметтік осал тобына – 33 пәтер,

* мемлекеттік қызметкерлерге – 12 пәтер,

* қызметтік пәтерлерге – 6 пәтер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 сентября 2021