Бос тұрған Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің «Таза мекен» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымына конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Бос тұрған Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің «Таза мекен» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымына конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы конкурстық комиссия Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің «Таза мекен» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның атауы:Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің «Таза мекен» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Орналасқан жері: 080200, Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы Абай көшесі №123 үй, тел.:2-20-07, 2-12-17.

Кәсіпорынның негізгі қызметі:Қалдықтарды көму, қоқыс төгу орнына рекультивация жұмыстарын жүргізу және автомобиль жолдарын күтіп ұстау. Аудан аумағын көріктендіру және санитарлық  тазалау жөніндегі жүргізілетін  жұмыстарды бақылауды іске асыруға көмек көрсету. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі-жоғары, техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.

Мамандығы: техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы).

  • Мемлекеттік басқару органы бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби дайындық деңгейі;
  • Мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес экономика саласының басшы лауазымдарында, кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
  • Мемлекеттік ғылымии ұйым болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына кандидаттар үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Қазақстан Республикасы Конституциясын, Азаматтық кодексін (Жалпы және Ерекше бөлімдер), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын, осы кәсіпорынның қызметіне сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерін білуі және осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін басқа да міндетті білім (мемлекеттік және ресми тілдерді жетік білуі, компьютерде жұмыс істей алуы) керек.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

  • Он сегіз жасқа толмаған;
  • Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
   1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

  • білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  • «денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) беруіне болады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған  сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде құжаттардың қабылдаудың соңғы күні сағат 18.00-ге дейін мына мекенжайға Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, индекс 080200, тел.: 8(72633) 2-12-17, факс: 2-12-17) электрондық пошта: asa_gkh@mail.ru Аса ауылы Абай көшесі 123, №114 бөлмеге өткізілуі тиіс.

Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің бекіткен тәртіп бойынша әңгімелесуден өтеді.

Осы лауазымға тағайындалған тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2021