«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына және құқық қорғау қызметіне үміткерлердің назарына!

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдардың күші жоюлына байланысты, сонымен қатар, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қолданысқа енгізілуіне байланысты заңнамалық актілер тізбесіне «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтардың тестілеу бағдарламаларына төмендегідей өзгерістер енгізіледі:
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеудің I және II бағдарламалары бойынша: «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарды білуге сұрақтардың орнына тестте енді Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті білуге арналған сұрақтар қойылатын болады;
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеудің III бағдарламасы бойынша: «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңды білуге арналған сұрақтардың орнына тестте енді Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті білуге арналған сұрақтар қойылатын болады;
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеудің I бағдарламасы бойынша: «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңды білуге арналған сұрақтардың орнына тестте енді Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті білуге арналған сұрақтар қойылатын болады;
Қалған бағдарламалар өзгертуге жатпайды.
Жоғарыда аталған өзгерістер 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Дата публикации
30 июня 2021