«Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағына,
14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1, 3 - тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
2020 жылғы 11 қыркүйектегі №21/323 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 2 қазандағы №55/92 қаулысының негізінде Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.1. Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің саны 13 (он үш) болып белгіленсін және шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Төраға Е. Алпысбаев
Хатшы О. Затыбеков
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 13 қазандағы №12
қаулысына қосымша
Жамбыл аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары
№1 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі 34, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің М.Төлебаев атындағы Өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Аса ауылдық округінің Аса және Рахат ауылдары, Ақбастау ауылдық округінің Бірлесу-Еңбек және Шоқай ауылдары. Құрамына №169, №170 және №531 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№2 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Түгелбай көшесі, 10, Жамбыл аудандық ардагерлер үйінің ғимараты.
Шекаралары: Аса ауылдық округінің Аса ауылы.
Құрамына №166 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.
№3 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Аса ауылы Абай көшесі, 54, «Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Аса ауылдық округінің Аса ауылы.
Құрамына №168 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.
№4 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Ащыбұлақ ауылы Жамбыл көшесі, 30, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің Қ.Сартбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Қаракемер ауылдық округінің Қаракемер ауылы, Қарасу ауылдық округінің Ащыбұлақ, Шайдана және Сеңгірбай ауылдары. Құрамына №172 және №176 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№5 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Тастөбе ауылы С.Таркаева көшесі, 6, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің Ә.Тарази атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Көлқайнар ауылдық округінің Тастөбе, Көлқайнар, Еңбек, Жамбыл және Қостөбе ауылдары, Жамбыл ауылдық округінің Ш.Ниязбеков және Қапал ауылдары.
Құрамына №164, №173, №174 және №175 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№6 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Гродеково ауылы Ақжол көшесі, 88М, Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының Гродеково ауылындағы спорт кешені ғимараты.
Шекаралары: Гродеково ауылдық округінің Гродеково ауылы.
Құрамына №150 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.
№7 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Гродеково ауылы Ақжол көшесі, 88Б, Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Гродеково ауылдық округінің Гродеково және Қызылдихан ауылдары.
Құрамына №151 және №471 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№8 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Айшабибі ауылы Жаңа құрылыс-3, 88, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің №7 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Айшабибі ауылдық округінің Айшбибі және Қаратау ауылдары.
Құрамына №159 және №161 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№9 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Айшабибі ауылы Ақжол көшесі, 88Б, Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының Айшабибі ауылындағы спорт кешені ғимараты.
Шекаралары: Айшабибі ауылдық округінің Айшабибі, Бәйтерек және Әулиекөл ауылдары.
Құрамына №160 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.
№10 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Аса ауылы Жетітөбе көшесі, 88Б, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің Б.Момышұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Аса ауылдық округінің Аса және Құмтиын ауылдары.
Құрамына №167 және №171 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№11 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылы Жеңіс көшесі, 1Б, Жамбыл облысының әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Жамбыл ауданындағы №42 Баллар жасөспірімден спорт мектебінің Бесағаш ауылындағы спорт кешені ғимараты.
Шекаралары: Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылы.
Құрамына №155 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.
№12 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылы Абай көшесі, 22, Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қызылқайнар ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Шекаралары: Қызылқайнар ауылдық округінің Қызылқайнар және Жасөркен ауылдары.
Құрамына №148 және №149 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№13 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Өрнек ауылы Б.Әбілдаұлы көшесі, 30, Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Өрнек ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Шекаралары: Өрнек ауылдық округінің Өрнек ауылы және Жұма станциясы, Ерназар ауылдық округінің Ерназар ауылы, Тоғызтарау ауылдық округінің Тоғызтарау, Жаңаөткел және Құмсуат ауылдары.
Құрамына №177, №178 және №179 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.