«Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 «Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы        №1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағына,
14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1, 3 - тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
2020 жылғы 11 қыркүйектегі №21/323 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 2 қазандағы №55/92  қаулысының негізінде Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №1 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1.1. Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің саны 13 (он үш) болып белгіленсін және шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. Осы қаулы Жамбыл аудандық мәслихатына жіберілсін.
  2. Осы қаулы Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде жариялансын.
  3. Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға                                                                          Е. Алпысбаев

 

 

Хатшы                                                                            О. Затыбеков

 

Дата публикации
13 октября 2026