«Тараз құрылыс Дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 43, 67, 69-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37-баптарына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл ауданы Өрнек ауылдық округі аумағындағы шаруашылық субъектілерінің жерлерін алып қоймай «Тараз құрылыс Дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне көлемі 251,0 гектар жайылымдық жер учаскесіне пайдалы қатты қазбаларына барлау жұмыстарын жүргізу үшін 2032 жылдың 12 маусымына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. «Тараз құрылыс Дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларына барлау жұмыстарын жүргізу барысында бүлінген жерлерді қалпына келтіру жүктелсін.
3. «Тараз құрылыс Дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу арқылы меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлеріне залал келтірген жағдайда төлемақыны өтесін.
4. «Тараз құрылыс Дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы - Жамбыл аудандық бөліміне тіркеу ұсынылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Мухашевке жүктелсін.