Жамбыл ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерінің шекаралары туралы хабарлама

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

                                                               ХАБАРЛАМАСЫ

(Аса ауылы, Абай көшесі №102, тел.: 2-12-06, 5-05-63)

 

           2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Жамбыл ауданы Бесағаш және Қызылқайнар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жамбыл ауданы Бесағаш және Қызылқайнар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерінің шекаралары жөнінде хабарлайды:

 

  1. Бесағаш ауылдық округі (№155 сайлау учаскесі)

Шекарасы: Бесағаш ауылы

  1. Қызылқайнар ауылдық округі (№148, 149 сайлау учаскелері)

Шекарасы: Қызылқайнар және Жасөркен ауылдары

Дата публикации
03 июня 2026