Жамбыл ауданы Бесағаш және Қызылқайнар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Жамбыл ауданы Бесағаш және Қызылқайнар ауылдық округтері

әкімдерінің сайлауын тағайындау

туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының
1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 12 шілдеге Жамбыл ауданы Бесағаш және Қызылқайнар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын;
  2. 2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Жамбыл ауданы Бесағаш және Қызылқайнар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін;
  3. Осы қаулы Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде жариялансын.

 

 

         Комиссия төрағасы                                                   Е. Алпысбаев

 

 

         Комиссия хатшысы                                                  О. Затыбеков

 

 

 

 

 

 

 

Аса ауылы

03.06.2026 ж.

№

Дата публикации
03 июня 2026