«TNS-Plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне

«TNS-Plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне

магистральдық байланыс кабелін төсеу және пайдалану үшін

сервитут белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 43, 67, 69, 119-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  Заңының 31, 37-баптарына сәйкес және «Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 4 сәуірдегі «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы» №KZ65VBG01761844 бұйрығының негізінде Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жамбыл ауданы Бесағаш, Гродиково ауылдық округтері аумағындағы шаруашылық субъектілерінің жерлерінен жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай «TNS-Plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне магистральдық байланыс кабелін төсеу және пайдалану үшін қосымшаға сәйкес көлемі 4,1560 гектар жер учаскесіне 3 жыл мерзімге сервитут белгіленсін.
  2. «TNS-Plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу арқылы келтірілген залалдар мен төлемақыны өтесін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Досымбековаға жүктелсін.

 

 

Жамбыл ауданының әкімі                                            Е.Қыдыралыұлы

 

 

 

 

 

 

Жобаны енгізуші:

Жамбыл ауданы әкімдігінің жер

қатынастары бөлімінің басшысы                                                У.Асылбеков

Дата публикации
21 мая 2026