Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2026 жылғы «17» мамырға тағайындалған Жамбыл ауданы
Ерназар ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттың кандидатурасын алып тастау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-6-бабының 1-тармағына сәйкес Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттың 2026 жылғы 14 мамырындағы өз кандидатурасын алып тастау туралы берген жазбаша өтініші негізінде Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидатты тіркеу туралы шешімінің күшін жойды:
Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидат – Суюнбеков Мират Мухтарович, 1993 жылы туған, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Жамбыл ауданы білім бөлімінің А.Ысмайылұлы атындағы орта мектебі» КММ-нің директор орынбасары, Ш.Ниязбеков ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ерназар ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидаттың кандидатурасын алып тастау туралы 2026 жылғы 14 мамырдағы хаттамасы облыстық сайлау комиссиясына жолданды.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы