
Ауданда жалпы 146 спорт нысандары бар (6 - спорт кешені, 1 – стадион, 18 - үлкен футбол алаңы,40 - шағын футбол алаңы, 18 волейбол алаңшасы, 16 - баскетбол алаңшасы, 4 – әмбебап алаңшасы, 1 – тенис корты, 10 - “Street workout” балалар ойын алаңшалары бар).
Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 21 233 адам шұғылдануда, бұл көрсеткіш аудан тұрғындарының жалпы санына есептегенде 41,0%-ы құрайды. Балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан (25 290 адам) спорт мектептерінде (1 297 бала) және аула клубтарындағы (226 бала) дене шынықтырумен айналысады 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің қамтылғаны17,6%-ды құрайды.
2025 жылға жергілікті бюджеттен 35,1 млн теңге бөлінді.
Спорттық бағдарламалар аясында 2025 жылдың 6 айында 105 іс-шара өткізіліп, 4 752 адам қамтылды.
2025 жылы Айшабибі ауыл. шағын футбол алаңшасының жасанды төсемі ауыстырылды (6,2 млн.). Аса ауыл. кіре берісіне футбол, волейбол, баскетбол алаңшалары орнатылуда (100,0 млн.). Әулиекөл ауыл. шағын футбол алаңы орнатылуда (21,8 млн.). Жаңаөткел ауыл. шағын футбол алаңшасының қоршауына қосымша қоршау орнатылуда (7,2 млн.).
Аса ауыл. Ғ. Мұратбаев көш. (6,6 млн.) мен Абай көш. №28 көп қабатты тұрғын үйдің ауласына (18,2 млн.), Бірлесу Еңбек ауыл. (6,5 млн.) және Қаратау ауыл. (10,7 млн.) балалар ойын алаңы орнатылды.