
Бекежан Базарбаевич 1978 жылғы 2 наурызда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Тараз институтын «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы М.Әуезов атындағы орта мектебінде құқық негіздері пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Әр жылдары тарих және құқық негіздері пәндерінің мұғалімі, Қызылқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-іс жүргізушісі қызметтерін атқарды. 2024 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылқайнар ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметінде еңбек етіп келді.
Отбасылы, бес бала тәрбиелеп отырған азамат.