
Жамбыл ауданы Өрнек ауылдық кітапханасында 15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауған жауынгерлерінің ерлігі» атты кездесу өтті. Кедесуге Өрнек ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Л.Амалов және ауған соғысының ардагерлері қатысты. Кездесу кешінде Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне ауылдық өнерпаздар өнер көрсетіп, өз кезегінде ардагерлер естеліктерімен бөлісіп, отанды құрметтеудің маңыздылығын айтып, ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдірді. Соңынан ардагерлерімізге құрмет көрсетілді.