Ауыл шаруашылығы саласы
Елді мекенде барлығы 140 шаруа қожалығы тіркелген. 2023 жылы арпа 850 га,150 га бидай (12000 тонна өнім жиналды) , 85 гектарға дәнді жүгері (475 тонна өнім жиналды), 20 гектарға картоп (460 тонна өнім жиналды), 190 гектарға көкөніс-бақша (1995 тонна өнім жиналды), 90 мақсары (144 тонна өнім жиналды) егілді. (Барлығы -15074 тонна өнім жиналды)
Округ аумағында жалпы жайылымдық жер 16431 гектар, қосымша 2083 га жайылымдық жер босалқы жер қорынан әкімшілік жеріне бекітілді.
Ауыл аумағында ұзындығы 15 шақырым құрайтын «Айтақ» каналы, 12 шақырымды құрайтын «Саза төменгі Айтақ» каналы, 4,5 шақырымды құрайтын «Көгой» каналдары орналасқан. Ауылдағы егістік алқаптарын аталған каналмен суғарады.
Сонымен қатар, 2022 жылы ауыл аумағында орналасқан Айтақ каналына жөндеу жұмыстары жүргізілді (аяқталмаған).
Өрнек ауылдық округі аумағының жалпы көлемі 24358,91 гектар, оның ішінде егістік – 4217 га (суармалы егістік – 2426,5 га), жалпы жайылымдық жер 16431 гектар.
Малдың саны: МУМ - 16714 бас, МІҚ-2141 бас, Жылқы-1452 бас, Үй құстары-3340 бас.