
Сұлутөр ауылда ауыз су мәселесі 2018 жылы шешілген, атап айтқанда, жалпы ұзындығы 62,8 шақырымды құрайтын ауыз су құбыры құрылысы толық іске қосылған. Ауыз су жүйесі бір жерден қамтамасыз етілген ауыз су мұнарасы арқылы су сору жүйесімен қамтамасыз етілген. Ауыз су мұнарасы толықтай автоматтандырылған.
2023 жылы Кемел ауылына қарасты Қырғыз көшесінде ауыз су құбыры желісі тартылды. Ауыз су құбыры желісі Түркісіб ауылындағы ауыз су мұнарасына қосу жоспарланған. Түркісіб ауылындағы ауыз су мұнарасы 2024 жылы іске қосылу жоспарланған. Су мұнарасы іске қосылған мезетте Кемел ауылына да қосымша су беру жоспарланған.