Ауылдық округтің бюджеті

«Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-сінің 2023 жылға арналған бюджеі 172 412,0 мың теңге құрады.

124001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша есепті кезеңге округ әкімі аппаратының шығындарына  54 628,0 мың теңге бөлінді.

Мекеде еңбек ететін 7 мемлекеттік қызметкердің еңбекақы қорына 40 967,4 мың теңге жұмсалды, толығымен игерілген. Штаттан тыс 2 қызметкердің еңбекақы қоры бойынша 5 146,3 мың теңге толығымен игерілді

 1 қызметтік автокөлікке жанар-жағар май сатып алуға – 525,3 мың теңге, автокөлікті сақтандыруға 13,1 мың теңге, өзге де қорларды сатып алу үшін 722,1 мың теңге, байланыс қызметіне 809,1 мың теңге, өзге де қызметтер мен жұмыстарға - 5 715,8 мың теңге, Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарларға 727,6 мың теңге жұмсалды.

124014 «Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша есепті кезеңге елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру шығындарына жоспарланған 9 102,0 мың теңге бөлінді.

Қаратөбе ауылдық округіндегі су скважинасының 3 дана операторлардың еңбекақы қоры бойынша 5 146,3 мың теңге және су скважиналарының  коммуналдық шығындарына 4 591,0 мың теңге жоспарланып толығымен игерілді.

124008  «Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша есепті кезеңге округ елді мекендерде көшелерді жарықтандыру шығындарына 54795,0 мың теңге жұмсалды.

Қаражаттар есебінен 135 мың теңгеге 1 дана темірбетонды жарықтандыру тіректерін сатып алуға; 7 280,0 мың теңгеге Қаратөбе ауылдық округінде орналасқан 35/10 кВ «Зада» ҚС электрмен жабдықтау объектісіне техникалық қызмет көрсетуге; 19 799,7 мың теңге Бектөбе ауылындағы Құлжабаева және Жамбыл көшелерінің бойындағы кабельді ауыстыратын жарықтандыру орнату жұмыстарына; 970 мың теңге көшелерін жарықтандыру жүйесіне техникалык қызмет көрсету бойынша жұмыстарына; 26 610,3 мың теңге коммуналдық  шығындарына жұмсалған.

124011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша есепті кезеңге округ елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру шығындарына жоспарланған 1 262,0 мың теңге игерілді.

Қаражаттар есебінен 200 мың теңгеге 100 кг әк сатып алуға; 296 мың теңгеге 740 кг түрлі түсті бояуды сатып алуға; 367,0 мың теңгеге 197 дана  аншлаг  жасатуға; 399,0  мың теңгеге 26 дана баннер мен бильборд жасатуға  жұмыстарына жұмсалды.

124013  «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша есепті кезеңге округтегі автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шығындарына жоспарланған 1 220,0 мың теңге 99,9 % ға орындалды.

Қаражаттар есебінен 405,0 мың теңге диаметрі 820 мм суға арналған құбыр шойын сатып алуға; 486,3 мың теңге Новоджамбулец саяжай секторындағы Садовая көшесінің бойындағы көпір орнату және дренаждық каналды тазалау жұмыстарына; 328,2  мың теңге  көшелерді қардан тазалау жұмыстарына жоспарланып толығымен игерілді.

124045  «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша есепті кезеңге округтегі автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу шығындарына жоспарланған 51405,0 мың теңге 99,9 % ға орындалды.

Қаражаттар есебінен 18 758,1 мың теңгеге Бектөбе ауылының (Новостройка) Нарбай, Кулжабаева, Юсупова, Баласағұн, Жолшыбекова, Жайык, Кулжабаева көшелерінің ұзындығы – 5800 метр орташа жөндеу жұмыстарына; 18 322,8 мың теңге Бектөбе, Қызылшарық ауылдарының Жамбыл көшесінің  ұзындығы – 3600 метр  ағымды жөндеу жұмыстарына; 1 663,2 мың теңге Бектөбе ауылының Ерғалиев көшесінің ұзындығы – 429 метр  орта жөндеу жұмыстарына; 655,2 мың теңге Бектөбе ауылының Ақыртас көшесінің ұзындығы – 311 метр  орта жөндеуге; 11 560,7 мың теңге Байтерек ауылының Баялиев көшесінің ұзындығы – 762 метр  орта жөндеу жұмыстарына; 444,0 мың теңге мемлекттік сараптамаға жоспарланып толығымен игерілді.

Дата публикации
23 февраля 2024