«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа цифрлық қызмет іске қосылғанын хабарлады. Енді қазақстандықтар автокөлікке арналған мемлекеттік нөмірді онлайн таңдап, тапсырыс бере алады.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне өзгерістер енгізіліп, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің түрлері кеңейді. Азаматтардың "әдемі" нөмірлерге деген қызығушылығының артуына және көлік тіркеу барысында нөмірлік белгіні таңдауға деген қажеттіліктердің туындауына байланысты бұл тізімде "қалаулы" нөмірлер немесе бірінші және соңғы сандары бірдей "айна" нөмірлер де бар.
Осыған байланысты қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында автокөлік нөмірлерін «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы қашықтан таңдау және тапсырыс беру мүмкіндігі іске асырылды. Жаңа цифрлық қызмет МХҚКО-ларға жеке бармай-ақ, мемлекеттік нөмірге онлайн өтінім беру мүмкіндігін ұсынады.
Өтінімді рәсімдеу толықтай онлайн форматта жүзеге асырылады және бірнеше минутты ғана алады. Қолданушы «ЦОН» мобильді қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіп, «Мемлекеттік нөмірге тапсырыс беру» қызметін таңдайды. Одан кейін қалаған сериясы мен нөмір комбинациясын енгізеді. Өңір автоматты түрде азаматтың тіркелген мекенжайына сәйкес анықталады.
Нөмірлік белгі бос болған жағдайда өтінім беруші төлем жасап, дайын нөмірлік белгіні алу үшін ыңғайлы бөлімшені таңдай алады. Таңдалған нөмір бос емес болса, жүйе бұл туралы хабарлап, басқа нұсқаны енгізуді ұсынады.
Қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған. Бұл таңдалған мемлекеттік нөмірдің бос немесе бос еместігін бірден тексеруге мүмкіндік береді. Жүйе енгізілген нөмір комбинациясының мәртебесін автоматты түрде көрсетеді.
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін онлайн тапсырыс беру қызметінің іске қосылуы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жөніндегі жоспарлы жұмыстың бір бөлігі болып табылады және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін, ашықтығын және тиімділігін арттыруға бағытталған.
“Білім кеңістігіндегі тілдер мен тарих үндестігі” атты онкүндікте мектеп психологі Г.Шукеева мұғалімдер арасында “Арт- терапия “ тақырыбында семинар - тренинг өткізді. Мақсаты: педагогтердің кәсіби күйзелісін азайту, психологиялық жағдайын тұрақтандыру, психологиялық қысымды азайту, жағымды көңіл- күй сыйлау болды. Мұғалімдер семинар- тренингте белсене атсалысты.
Құрметті тұрғындар!
❗️Балаларды бірнеше минутқа болса да қараусыз қалдырмаңыздар. Сіріңкемен, розеткамен, қуаттағыш құрылғылармен және ұялы телефонмен ойнау өртке және ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
✅Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін:
* сіріңке және басқа да от көздерін балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыздар;
* балаларға электр құралдары мен қуаттағыштарды өз бетінше пайдалануға рұқсат бермеңіздер;
* балаға оттың қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріңіздер;
* балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыздар.
☎️Өрт болған жағдайда дереу 112 немесе 101 нөміріне қоңырау шалыңыздар.
@112jambyl
Пиротехникалық құралдарды қолдану кезіндегі қайғылы жағдайлар оны қолдану ережелерін сақтамаудан туындайды. Өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың өмірі мен денсаулығын және материалдық игіліктерін қайғылы жағдайлар мен өрт қауіпінен сақтаңыз!
Төтенше жағдайлар мен өрт қауіпі туындай қалса 101, 112 телефондарына хабарласыңыз!
2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі.
Оларды пайдалану үшін:
полицияда тіркелу;
А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;
техникалық тексеру;
азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту қажет болады.
Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет:
жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін);
мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.
Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек.
Дереккөз: ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайты