Меню

Страницы

Статья

Елдос Сметов дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды

ХХХlll жазғы Олимпиада ойындарында ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, жамбылдық Елдос Сметов жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Жерлесіміз төртжылдықтың басты додасында 3 мәрте жүлде алып, ел тарихында дзюдодан Олимпиаданың тұңғыш чемпионы атанып отыр.

Бүгін Елдос Сметов алғашқы айналымда нидерландылық Торнуке Чакадуамен белдесіп, Париж Олимпиадасын жеңіспен бастады.

Екінші кезеңде украиналық Ділшот Халматовтан «ваззари» ұпайы бойынша басым түсті.

Ширек финалдық белдесуде Қытайлық Тайпей өкілі Ванг Вейді «ваззари» әдісімен тізе бүктірді.

Жартылай финалда Әлем және Еуропа чемпионы, испаниялық Франсиско Гарригосты ұтты.

Финалда франциялық Лука Мхидземен белдесіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Айта кетейік, өңіріміздің Олимпиада ойындарындағы жүлде қоры 11-ші медальмен толығып отыр.

Барша спортшыларға сәттілік, жеңіс тілейміз!

Көк туымыз мәңгі көкте қалықтасын!

Дата публикации
29 июля 2024
Дата обновления
28 июля 2024
Тип

Сейчас читают

31 октября 2024
"Дін таным-тұрақтылық негізі" тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді.
Ақпарат
31 октября 2024
"Жас Ұлан" және "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына үздік оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны өтті.
Пайдалы ақпарат
31 октября 2024
✅2024-2025 оқу жылының 1 тоқсанның аяқталуына және мерекелік күндерге байланысты түнгі рейд ұйымдастырылды

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы