Қаракемер ауылдық кітапханасында Құмтиын, Бірлесу – Еңбек, Шоқай ауылдық кітапханашыларының бірлесе ұйымдастыруымен 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанстан – жүрек жарасы» атты кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқырмандарға түсіндіру. “Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу. Тәуелсіздік жолында күрескен ардагерлеріміздің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқырмандарды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Іс-шара Төле би орта мектебінің 2 сынып оқушылары «Тәуелсіз ел ұраны» әнімен ашылды.
Қаракемер және Құмтиын ауылдық кітапханасының кітапханашылары А.Исаева, А.Мамашариева ауған соғысының тарихымен таныстырып, еске алуға бір сәттік үнсіздікпен басталды. Кеш қонағы, ауған ардагері Әуесбаев Марат Серікұлын таныстырды. Шоқай ауылдық кітапханасының кітапханашысы: Э.Каманова «Ауған соғысының ақиқаты» тақырыбында баяндама оқыды. Алтынбек Шерханның орындауында «Отан» туралы әнін шырқады. Оқырмандар қонақтарға сұрақтарын қойып, ауған соғысының ардагері өзінің өткен шақтарын есіне алып, қатысып отырған оқырмандарға жүрек жарды лебізін білдірді. Бірлесу – Еңбек ауылдық кітапхана меңгерушісі: З.Узбекова ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Сәби ана» монологынан үзіндісі қойылып, оқушылар ауған соғысына арналған өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Кеш соныңда «Ауған ардагерлеріне тағзым» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, 5 сынып оқушылары «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, кітапханашылар атынан ардагерге сый-сияпат табысталды.
Нәтижесінде: 50 оқырман қатысып, 10 кітап берілді.