Әкімнің халық алдындағы есебі

Қаракемер ауылдық округінде атқарылған

жұмыстар туралы

 

 

Ауыл шаруашылығы саласы

Елді мекенде барлығы 110 шаруа қожалығы тіркелген.

2023  жылы 1235 гектарға арпа, 50 гектарға жүгері, 105 гектарға қант қызылшасы, 98 гектарға көкөніс, 10 гектарға картоп, 100 гектарға бақша,  210 гектарға жаңа жоңышқа, 470 гектарға  ескі жоңышқа егіліп, тиісті өнім алынды.

2023 жылдың өнімі үшін 45 гектарға күздік бидай егілді.

2024 жылға ауылдық округ бойынша 3485 бас мүйізді ірі қара мал, 48623 бас қой-ешкі, 2067 бас жылқы, 8268 үй құстары бар.

Кәсіпкерлік саласы

Ауылдық округте кәсіпкерлік нысандарынан  6 дүкен бар. Қазіргі таңда 5 азық-түлік дүкені, 1 киім-кешек дүкені және 1 наубайхана халыққа қызмет көрсетуде. Халық қажетін өтеу қызметінің сапасы, азық-түлік қауіпсіздігі, тауарлар бағасы тұрақты назарда.

Білім саласы

Қаракемер  ауылында 640 орындық Төле би орта мектебі (1985ж. салынған), Құмтиын ауылындағы 250 орындық №2 орта    мектебі бар (1998ж. салынған). Қаракемер ауылында  50 орынға арналған «Жұлдыз»  балабақшасы және Төле би мектебі мен №2 орта мектебі жанынан ашылған шағын орталық жұмыс атқаруда.

Әлеуметтік сала

Халықтың әлсіз топтарын қорғау – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін баршаңыз жақсы білесіз. Мұндай қамқорлықтан бұл ауылдың тұрғындары да шет қалған жоқ.

2023 жылғы 4-тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек 17 отбасындағы 68 адамға тағайындалды.

2023 жылдың 31 желтоқсанына аудандық мансап орталығы мен округ әкімдігі арасындағы келісімнің орындалуы төмендегіше:

Оның ішінде, Тұрақты жұмысқа –126 азамат, әлеуметтік жұмыс орнына – 1 азамат, жастар тәжірибесінен – 11 азамат, ақылы қоғамдық жұмысқа – 26 азамат, күміс жасқа – 1 азамат, алғашқы жұмыс орны -2 азамат,  электронды еңбек биржасында оқу – 7, Бизнес-бастау курсын- 42 азамат оқып жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты – 4 азамат алды.

Денсаулық саласы

Қаракемер ауылында 25 адамға арналған дәрігерлік амбулатория жәіне  Құмтиын ауылында фельдшерлік пункт халыққа қызмет көрсетуде.

Ауыз су мәселесі

2022 жылдың қараша айында Қаракемер ауылына ауыз су жүйесін тарту жұмыстары басталып, құрылыс жұмыстары толығымен маусым айында аяқталып, пайдалануға берілді.

Құмтиын ауылында 2013 жылы салынған ауыз су құбыры бар.

Газдандыру

       «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы Қаракемер ауылына табиғи газ кіргізілді. «Газ-Сервис» ЖШС 182млн 270 мың теңгеге 13км 149 метр шақырымды құрайтын жерасты құбырын тартса, «Жамбыл-Жылу» ЖШС жерасты тартылған газ құбырына көшелер бойында орналасқан аулаларды қосты.

 

Жолдар.

Екі елді мекенде жалпы ұзындығы  8,5 шақырымды құрайтын 22 көше бар (оның ішінде 11 көше асфальт, 11 көшеге қиыршық тас).

2023 жылы Қаракемер ауылындағы Ә.Молдағұлова және М.Мәметова көшелеріне және Құмтиын ауылындағы орта жолға шағалды төсем төселді. 

 

Жарықтандыру

Қаракемер ауылында Тараз – Саудакент трассасы бойында және Б.Сабаев орталық көшесі жарықтандырылған. 

 

Мәдениет саласы

Қаракемер ауылдық округінде 1 ауылдық клуб, 2 кітапхана өз жұмыстарын жасауда. Ауылдық кітапхананың кітап қоры 11 900 дананы құрайды. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында кітапханадан цифрландырылған ақпараттық орталығы ашылған.

Спорт

Округте 1 үлкен стадион, 2 шағын футбол алаңы, 1 Street workout алаңшасы және   2 балалар   ойын алаңдары өз жұмыстарын атқаруда.

 

Құқық қорғау саласы

        Округте 1  учаскелік полиция инспекторы 1 ювеналды полиция инспекторы жұмыс атқаруда.

 

 

Дата публикации
14 февраля 2024