Қаракемер ауылдық округінде жалпы 456 аулада 3 319 адам тұрады. Оның ішінде Қаракемер ауылында 302 аулада 2 408 адам, Құмтиын ауылында 138 аулада 857 адам, Сеңгірбай ауылында 16 аулада 46 тұрады. Есепті кезеңде Атаулы әлеуметтік көмек 17 отбасындағы 68 адамға тағайындалса, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 136 адам жұмыспен қамтылды.
Атап айтқанда: Тұрақты жұмысқа –126 азамат, әлеуметтік жұмыс орнына – 1 азамат, жастар тәжірибесінен – 11 азамат, ақылы қоғамдық жұмысқа – 26 азамат, күміс жасқа – 1 азамат, алғашқы жұмыс орны -2 азамат, электронды еңбек биржасында оқу – 7, Бизнес-бастау курсын- 42 азамат оқып жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты – 4 азамат алды.